Атырау облысында медицина қызметкерінен коронавирус табылды

Атырау облысында коронавирус індетін жұқтырудың бесінші жағдайы анықталды. Ол қалалық емхананың қызметкері.

coronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, медбике 17 наурызда «Алматы-Атырау» рейсімен келген қыздан анализге қан алған.

Бүгін медицина маманына жасалған тесттің қорытындысы шықты, одан коронавирус инфекциясы табылды.

«Қазіргі уақытта ауру жұқтырған науқаспен байланыста болған 27 адам анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге орналастырылды», делінген ақпаратта.

Back to top button