Коронавирус жұқтырғандардың саны 208 адамға жетті

Коронавирус жұқтырғандардың саны 208 адамға жетті

Коронавирус жұқтырғандардың саны 208 адамға жетті
ашық дереккөзі
Қарағанды және Атырау облыстарында коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғалары тіркелді, – деп жазды coronavirus2020.kz. 28 наурыз сағат 20.25-тегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған 4 адам тіркелді, атап айтсақ, Қарағандыда – 3 адам, Атырау облысында – 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 117 адам, Алматы қаласында – 58, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 5, Атырау облысында – 5, Жамбыл облысында – 3, Шымкент қаласында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Алматы облысында – 4, Ақтөбе облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында  –1 және Қызылорда облысында – 1 адам, жалпы 208 науқас тіркелді», – делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.