Еліміздің үш өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің үш өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің үш өңірінде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазгидромет мамандары ауа райына байланысты еліміздің үш өңіріне ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, ертең, 29 наурызда Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғып, кей жерде желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді. Сондай-ақ, 29 наурыз күндіз Атырау облысының кей жерінде оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жететін жел соғады.