Birgemiz қорына 9,5 миллиардтан көп қаржы түскен

Birgemiz қорына 9,5 миллиардтан көп қаржы түскен

Birgemiz қорына 9,5 миллиардтан көп қаржы түскен
ашық дереккөзі
Birgemiz қоғамдық қорының төрағасы Руслан Сакеев 28 наурыз сағат 17.00-де қордың есеп-шотына 9 500 436 305 теңге түскенін хабарлады. Оның айтуынша, қаржы аударушылар – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен  Ғ.Ш.Есенов басқарып отырған АТФ Банк, басқа да компаниялар мен жеке азаматтар да бар. «Қаржының барлығы ерікті түрде жиналатынын айтқымыз келеді. Мемлекеттік ұйымдардан қаражат алмаймыз. Қазіргі уақытта көмек алушыларды нақтылап жатырмыз. Бұл ретте ақшаның қайда жұмсалғанын ашық жариялауға ерекше көңіл бөлінеді», – дейді Руслан Сакеев. Еске сала кетейік, Елбасының тапсырмасымен бірінші болып Birgemiz қоғамдық қорына Тұңғыш Президент қоры Қазақстандағы коронавирус инфекциясымен күресу үшін 200 миллион теңге бөлді. Nur Otan партиясы 150 миллион теңге аударған болатын.