Алматыны атты патрульдер күзетеді

Алматыны атты патрульдер күзетеді

Алматыны атты патрульдер күзетеді
ашық дереккөзі
Карантин периметрінің қол жетімсіз жерлерін Алматы полициясы атпен жүріп бақылайды, – деп жазды ҚазАқпарат. Жалпы, Алматы қалалық ПД құрылымында қаланың ерекшелігі мен инфрақұрылымы ескеріліп атты бөлімдер қарастырылмаған. Алайда төтенше жағдайға байланысты полиция қызметкерлері атпен патрульдеуге шықты. «Әдетте, атты патрульдер көпшіліктің белсенді қолдауымен ұйымдастырылады, яғни полицияға жылқыларды тегін беретін азаматтардың көмегі арқылы. Бізде көлік өте алмайтын жерлер бар. Сондықтан атты патрульдер бақылауға шықты. Бүгінгі таңда бұл жұмыс Алатау ауданының «Рахат» және «Мәдениет» шағын аудандары сияқты шалғай елді-мекендер аумағында жүргізіліп жатыр. Осы ауылдар арқылы Алматы облысының аумағына кіру үшін кедергілерді айналып өтуге болады. Осыған байланысты айналма жолдарда қорғаныс бетон плиталары орнатылып, ат патрульдері ұйымдастырылған. Полиция қызметкерлері заңдылық пен тәртіпті қадағалайды», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.