Жаңалықтар

Biz birgemiz: ардагерлерге күн сайын ыстық тамақ жеткізілмек

ашық дереккөзі

Biz birgemiz: ардагерлерге күн сайын ыстық тамақ жеткізілмек

Карантин кезеңінде егде жастағы жалғызбасты адамдарға азық-түлік сатып алу және тамақ дайындау қиындық тудырады. Осыған орай, «#Biz birgemiz!» акциясы мен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы, Алматы қаласы әкімдігі және Nomad MMA Қазақстан республикалық федерациясы 27 наурыздан бастап 90 жастан асқан жалғыз басты қарт адамдардың үйіне тегін ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастыруда. «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері де күн сайын аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетіп жүр. Арнайы шотқа қаражат бөлген кәсіпкерлер де шетте қалмай, қомақты үлес қосуда. Біз біргеміз!», – деді Мәди Ахметов, «Jas Otan» ЖҚ Алматылық филиалының төрағасы. Өз кезегінде тыл фронтының ардагері Оразкүл Мамисерова ыстық тамақ түрінде көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді. «Nur Otan» партиясына рақмет. Сіздер ешқашан ардагерлерді ұмытқан емессіздер. Бұл шынымен де сенуге болатын партия. Елбасы мен Президентімізге бізге арнап жасап жатқан қамқорлығы үшін мың алғыс!», – дейді қария. Бұл акция аясында карантин кезеңінің аяғына дейін күн сайын 400-ден астам қарияны ыстық тамақпен қамту жоспарланған.