Жаңалықтар

Борис Джонсон коронавирус жұқтырды

Борис Джонсон коронавирус жұқтырды

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады. «Кейінгі тәулікте коронавирустың кейбір белгілерін байқай бастадым, індет жұқтырғанымды анализдерім растады», – деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында. Қазіргі уақытта премьер оқшауланып, үйінде жұмыс істеп жатыр. «Үкіметті видеоконференция арқылы басқара беретін боламын және бұл вируспен күресті әрі қарай жалғастыра береміз», – дейді Джонсон.