27 Наурыз, 14:09 469 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған қаскөйге сот үкімі шықты

Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған сотталушы 27 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2020 жылдың 27 наурызындағы үкімімен Саржан Құрманов жәбірленушінің дәрменсіздігін пайдаланып күш қолданғаны, зорлағаны, сексуалдық сипаттағы зорлық іс-әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотпен 23 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәріберушінің пайдасына 5 миллион теңге моральдық зиян өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген сот ақпаратында.

Еске сала кетейік, оқиға өткен жылдың желтоқсан айында тіркелген болатын. Ақтөбелік полицейлер 12 желтоқсанда кәмелетке толмаған балаға қатысты аса ауыр қылмысты ашты. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталмаған 21 жасар күдіктіні ұстады.

Бұл қылмысты ашуға ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары басшылық еткен арнайы жедел-тергеу тобы айналысты. ҚР ҚК 120-бап 4-тармағы және 121-бап 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

 

Соңғы жаңалықтар