Онлайн оқыту – мәжбүрлі шара

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша COVID-19 вирусының алдын алу мақсатында бірқатар шұғыл шаралар қолға алынды. Осы орайда Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждері 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту түріне көшкені белгілі. 

Білім және ғылым министрі Асхат Ай­мағамбетов еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждер қашықтықтан оқытуға дайын екенін айтқан болатын. «Қа­шық­тық­тан оқытуға Қазақстандағы жоғары оқу орын­дарының қауқары жетеді. Біздің уни­верситеттердің көпшілігі үлкен қалаларда ор­наласқан. Сол себепті студенттерді қа­шық­тықтан оқытуға техникалық мүм­кін­дік бар және интернеттің жылдамдығы да жеткілікті. Біз 1,5-2 ай бұрын жұмыс тобын құ­рып, осы мәселені қолға алдық. Жоғары оқу орындары мен колледждерде тестілеу жұмыстары жүрді», – деді министр.

Елімізде алғаш рет жаппай қашық­тық­тан оқытуға көшкен ЖОО мен колледж­дер­дің аудиториялары қаңырап бос қалды. Оқытушылар да қашықтықтан жұмыс істеу ре­жиміне ауысып, ендігі жерде студент­тер­дің сабақ үлгерімін тек үйде отырып ком­пью­тер мен смартфон арқылы тексере ала­ды.

Жалпы еліміз бойынша 2019 жылғы 1 қаң­тардан бастап сырттай оқыту тоқ­та­тылып, қашықтықтан оқытатын технологиялар пайдаланыла бастаған болатын. Бүгінде әлемді алаңдатқан COVID-19 вирусына қарсы күресте Қазақстанның сырттай оқу түрін қашықтықтан оқытуға алмастыруы ұтымды шешім болғанын көріп отырмыз. Себебі қашықтықтан оқыту жүйесіне жаппай көшкен ЖОО бүгінде студенттерді онлайн нұсқада білім берумен қамтамасыз етіп отыр.

Вирусқа байланысты карантин жағ­дайы жалғасатын болса, мектеп оқушылары да 6 сәуірден бастап қашықтықтан оқытуға көшеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі: «Телеарналар арқылы сабақ өткізуге дайындалудамыз. Онда бейне-сабақтар са­бақ кестесіне сай көрсетілетін болады. Бұл тетік, әсіресе интернет қуаты әлсіз жә­не қажетті құрал-жабдықтарға қатысты қиын­дықтары бар ауылдық білім беру ұйым­дары үшін өзекті», – деп түсіндірген бо­латын.

Халықаралық Túrkistan газеті оқыр­ман­дарға еліміздегі ЖОО-ның қашық­тық­тан оқыту процесінің қалай жүріп жатқаны жә­не оның білім сапасына әсері туралы оқытушылар мен студенттердің пікірін тыңдап көрген еді.

 

Гүлмира САУДАБАЕВА, педагогика ғылымдарының докторы, профессор:

Білімге құштар бала жағдай талғамайды

– Қашықтықтан оқыту мен үшін таңсық емес. Өйткені оқу процесінің бұл түрін еліміздегі көптеген жоғары оқу орындары бұрыннан жүзеге асырып келеді. Қашықтықтан білім беру технологиялары жұмыс істейтін, отбасын құрған студенттерге қолайлы. Тапсырманы тәуліктің кез келген уақытында орындай алады. Әсіресе, колледж бітіріп, жоғары оқу орнына түскен студенттер қашықтықтан оқыту жүйесін тез меңгереді. Жалпы, оқимын деген бала қандай жағдайда да білім алуға ұмтылады. Бұл тәсіл арқылы білімді әділ бағалау қиын шығар, мүмкін ізденуші тапсырма жауабын біреуден көшіріп алатын шығар. Біз мұны көре алмаймыз, бірақ заман талабына сай пайда болған бұл оқыту тәсілі тиімді болып отыр.

Ал COVID-19 вирусының елімізде тарауына байланысты студенттердің жаппай қашықтықтан оқытуға көшуі студенттерден бөлек, оқытушылардың өзін біраз әбір­герге салғанын жасырмаймын. Оқы­ту­шылар пәнге қатысты барлық материалдарды студенттерге ыңғайлы болуы үшін алдын ала жүйеге салып қойды. Әдетте біз әр семинарда ең көп дегенде 10 студентті тыңдап үлгереміз. Ал қашықтықтан оқы­туға көшкелі бері бізден бір топтағы 30 сту­дентті бағалап үлгеруімізді талап етіп жатыр. Бірақ бір оқытушы 30 студенттен тұратын бірнеше топқа сабақ береді. Мысалы, мен жалпы алғанда 200-ден астам студентке сабақ беремін. Барлық студенттің жұмысын тексеру, бағалау, сонымен қатар қанша студенттің сабаққа қатысқаны немесе қатыспағаны, тапсырманы орын­да­ған-орындамағаны жайында есеп жасауға да біраз уақытымызды жұмсап жатырмыз. Мысалы, мен жер үйде тұрамын, өзімнің жеке жұмыс кабинетім бар. Ал жатақханада немесе пәтер жалдап тұратын оқытушылар студенттердің тапсырмасын қалай тексеріп жатқанын өзіңіз саралай беріңіз. Жақында ауылға барып келген бір танысым «Сту­денттердің тапсырмасын тексеру үшін да­лаға жүгірумен болдым. Өйткені ауылды жерде барлық жерде интернет жақсы істемейді екен» деп келді.

Ал жалпылай алғанда, оқытушылар қа­шықтықтан оқытуға дайын. Жоғарыда айтқанымдай, оқимын деген бала жағдай таңдамайды, технологияны тез игеріп, түсінбеген жерін видеоқоңырау жасап, сұрап алады. Студенттерім «аудиторияда оты­рып лекция тыңдап, бетпе-бет жүздес­кенге жетпейді екен, қашықтықтан оқы­тудан жалықтық» деп жатыр.

 

Гүлира ХАЛЫҚОВА, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры:

Мұғалімді ешқандай техника алмас­тыра алмайды

– Онлайн, оффлайн оқыту болсын сапалы білім беруде ақпараттық комму­ни­кациялық технологияларды пайдаланудың маңызы қазіргі уақытта дәлелдеуді қажет етпейді. Қазір біздің университеттің бар­лық институтында компьютер кластары то­лығымен жаңартылған. Бұл универси­тет­тің қашықтықтан оқытуға дайын екенін көрсетеді. Ал енді қашықтықтан оқыту мә­селесіне келетін болсақ, философияда қа­рама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы деген бар. Кез келген нәрсенің же­тістігі мен кемшілігі болатынын білдіреді. Бірінші оң жағына келетін болсақ, қашық­тықтан оқыту, бүкіл әлемде індет жайлап жатқан кезде ешнәрседен хабар-ошарсыз отырған студенттердің оқу процесінен қол үзбей, оқуды әдеттегідей болмаса да жүзеге асыруға, білім алуға мүмкіндік береді. Осы тұста  оқыту сапасының жақсы болуы, біріншіден, оқу орындарының техникалық тұрғыдан онлайн жүйемен оқытуға қан­ша­лықты дайындығына, екіншіден, бағдар­ла­малық тұрғыдан, ал үшіншіден, оқу-әдісте­ме­лік тұрғыдан қамтамасыз етілу деңгейіне  байланысты.

Мұнда күтпеген жерден «қашықтықтан оқытуды жүргізуге оқытушылар психоло­гия­лық тұрғыдан дайын ба?» деген сұрақ­тың туындайтыны заңды. Информатика және жаратылыстану пәндерінің мамандарына қашықтықтан оқытуды жүргізу онша қиындық туғыза қоймайды, бірақ басқа гуманитарлық пәннің оқытушылары қа­шық­тықтан оқыту бойынша дайындықтан өтпестен бастап кетті. Онлайн оқытуды дәл қазіргі мезетте осындай дайындықпен жүзеге асыру ойдағыдай жақсы нәтиже береді деп айта алмаймын. Бұл бірқатар объективті және субъективті факторларға тәуелді. Ең алдымен, пайдаланылып отыр­ған бағдарламалық құралға байланысты. Дәлірек айтқанда, бағдарламалық құрал 100 пайыз ақысыз пайдалануға арналған ба әлде біраз уақыт өткеннен кейін сатып алу­ды талап ете ме? Бүгінгі университет оқы­тушыларының кез келген бағдарла­малық құралды сатып ала беруге қалтасы көтермейді. Мысалы, менің бір сабағымда пайдаланған бағдарламалық құрал келесі пәнге келгенде ақылы болуы немесе ашпай қалуы мүмкін. Аяқ астынан 1-2 сағаттың ішінде басқа құралды іздеп тауып, пай­далануға тура келеді. Сондықтан осындай жағдайларға дайын болу үшін екі онлайн платформаны даярлап қою керек.  Біреуі жарамай қалса, екінші бағдарламалық құрал­мен сабақты үзіп алмай өткізуге дайын болу деген сөз. Осындай ізденістің арқасында студенттермен оффлайн кезде қан­дай нәтиже болса, онлайн кезінде де сондай нәтиже алуға тырысып жатырмыз. Онлайн оқытуда оқытушы уақыттан ұтылуы мүмкін. Техникалық пәндерге қа­тысты аудиторияда 1-3 минуттың ішінде көр­сетіп, түсіндіретін мәселелер қашық­тық­тан оқытуда 10-15 минутқа созылып кетуі мүмкін.

Келесі негізгі мәселе – кез келген пәнді оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта еліміздегі көптеген жоғары оқыту орындарында қашықтықтан оқыту қолға алынған және «Универ», «Платонус» және т.б. жүйелері пайдаланылып отыр. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагоги­ка­лық университетінде «Универ» жүйесі пай­даланылады және қазіргі уақытта барлық ма­мандықтар үшін оқу-әдістемелік кешендер мен оқу материалдары толығымен жүйеге орналастырылған. Бұл университет студенттерінің барлық оқу материалдарына қолжетімділігін көрсетеді. Дәлірек айт­қанда, ізденген студентке білім дайын!

Оқытудың қандай түрі болмасын, оқы­тушылар біртұтас педагогикалық процесті барлық уақытта жүзеге асырып отыруы керек. Онлайн сабақ түсіндіру, үйретудің жөні бір бөлек, ал оффлайндағы бетпе-бет сту­денттермен жүздесу барысында тәр­биелік, адамгершілік тұрғыдан айтылатын негізгі мәселелер техниканың тасасында қалып қояды. Алғашқы нәтижеден байқа­ғаным – осы. Сондықтан ешқандай электронды оқу құралы, ешбір техника табиғи қарым-қатынасты алмастыра алмайды. Біз қазіргі уақыт талабына сай мамандарды даярлау үшін және оқыту тиімділігін жақ­сарту үшін ғана техниканы пайдалануымыз керек деп ойлаймын.

Қашықтықтан оқыту дегеніміз қара­пайым тілмен айтқанда, студенттің өз беті­мен оқуы. Ол ең алдымен студентті өзін­дік оқу іс-әрекетін тиімді ұйым­дас­тыру­ға даярлауды талап етеді. Тіпті, бұл мә­селе жалпы білім беретін орта мектептің қабырғасынан қалыптасуы тиіс. Өз бетімен оқу үшін студенттің танымдық қызығу­шылығы, белсенділігі болуы керек. Біз ол қызығушылық пен белсенділікті бетпе-бет жүздесу барысында көре алмасақ, онлайнға көшкен кезде өз бетімен келе қалады деген сөз абсурд дер едім. Біз дәстүрлі оқыту барысында сұранысқа ие мамандарды бүгінгі қоғам талабына, оның ішінде, ақпараттық қоғамның талаптарына сай, құзыреттілігі қалыптасқан мамандарды өз деңгейінде даярлай алмай келеміз. Бұған дәлел ретінде еліміздегі қағаз жүзіндегі емес, шынайы жұмыссыздық деңгейін айтуға болады. Ал осы аталған мәселе қашықтықтан оқыту жағдайында шешімін таба қалады деп айту қиын. Бүгінгі білім беру ошақтарындағы қа­лыптасқан шынайы жағдайларды ескерсек, қашықтықтан оқыту арқылы сапалы маман даярлаймыз деп айта алмаймын. Өйткені жүзбе-жүз, бетпе-бет оқыту барысында біз ол межеге жете алмадық. Бұл шындық, егер кез келген жалпы білім беретін орта мектеп, жоғары оқу орындары болсын, білім беру сапасы жоғары деңгейде дейтін болсақ, біздің қоғам әлдеқайда дамып кеткен болар еді, еліміздің білімді жастарының көпшілігі білім іздеп шетел асып кетпейтін еді.

Дәл қазіргі сәтте, қашықтықтан оқытудың оқытушыларға тиімсіз тұсы, басшыларға жасаған жұмысың туралы 5 күн берген сабағыңа 3 сағат отырып есеп жазу. Қанша студент қатысты, бәрін қарап, байланысқа шықпаған студенттің себебін анықтап, есеп беру. Осындай ұсақ-түйек қосымша жұмыстар уақытты алады және жүйкеге салмақ салады.

 

Ақнұр ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ, студент:

Онлайн оқыту студенттердің көңілінен шығып жатқан жоқ

– Онлайн оқыту көп студенттің көңі­лінен шығып жатқан жоқ. Себебі барлық пәннен берілген ақпаратты игеру қиынға соғып жатыр. Әрбір лекцияда кем дегенде 60-70 студент отырады. Аудиторияның өзін­де осынша студентке түсіндіру оңай емес, ал онлайн түрде мүлдем қиын болып жатыр. Тапсырмаларды орындағанда, семинарда сабақ айтқанда ауызша жеткізу оңайырақ екен. Әр сабақтың семинары, СӨЖ және қосымша тапсырмалары бар, бәрін бір уақытта мұғалімге жіберіп үлгеру керек. Студенттер компьютерден басын ала алмай қалды. Мүмкін онлайн оқытуды біз дұрыс меңгере алмай жатқан шығармыз, алайда көзбен көріп, білгеніңді бөліскенге және білмегеніңді мұғалімнен сұрағанға ештеңе жетпейді екен.

Қашықтықтан оқыту Zoom, Discord сияқ­ты қосымшалар арқылы жүргізіліп жатыр. Ауылдағы студенттерге қиын, өйткені интернет байланысы өте нашар. Мұғалімнің кейбір айтқан сөздері дұрыс естілмей жатады. Кей мұғалімдер мұндай жағдайға сту­денттерге түсіністік танытып жатыр, ал кейбірі «Бұл менің мәселем емес» деп са­бақта болмады деп белгілеп жатыр. Кейбір студенттер қашықтықтан оқытуға мүлдем қатысып жатқан жоқ. Онлайн жүйені қосып қойған студенттің бәрінің назары сабақта болады дей алмаймын. Өзінің видео және аудиоқоңырауын өшіреді де мұғалімнің айтып жатқан лекциясын тың­дамай, ойы басқа жақта немесе үй тірлігімен айналысып жүруі мүмкін. Ал универ­ситеттің залында назарың мұғалімде болады, ауызша айтқаны саған жақсырақ әсер етеді.

 

Айжан АДАМБЕКОВА, Алматы облысының Білім басқармасы, Орта білім, оқытудың жаңа технологиясы мен инновация бөлімінің басшысы:

Телеарна мен интернет арқылы оқытудың тиімділігін болжай алмаймыз

– Алматы облысында 760 мемлекеттік мектеп бар, оның 87 пайызы ауылды жер­лер­де орналасқан. Ал ауылдық жердегі оқу­шылардың барлығына интернет қолжетімді деп айта алмаймыз. Бүгінгі таңда оқушылар 3-тоқсанның демалысында үйде болса, мұғалімдер қашықтықтан жұмыс істеп жатыр. Қашықтықтан оқытуға көшудегі оқушылар мен мұғалімдердің мүмкіндігі зерттеліп жатыр.

Біз Білім және ғылым министрлігі тарапынан келетін тапсырманы орындауға күшімізді салатын боламыз. Мектептер Bilimland.kz ресурсына және Daryn.online ақпараттық жүйесіне тіркелген.  Әзірге  осын­дай дайындық  жұмыстары жүргізіліп  жатыр.

Қашықтықтан оқыту білім сапасына қан­шалықты әсер ететінін болжай алмаймыз, өйткені мұндай тәжірибе алғаш рет қол­данылғалы тұр.

 

Редакция таңдауы

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты (видео)

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century («16 ғасырдан...

Елорда Жазушылар үйінде екі игі шара өтті

Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы биылғы жылды екі маңызды іс-шарамен бастады. Әдеби басқосу аясында елордалық бөлімше директоры Дәулеткерей Кәпұлы жастар шығармашылығы жөніндегі орынбасарын...

Қазақ каскадерлері «Taurus» сыйлығына ие болды

Қазақстандық каскадерлер тобы Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Taurus» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл әлемдегі каскадерлердің ең беделді кәсіби сыйлығы, оны біздің «Қазақфильм»...

Қазақтың «қазақ» атын қайтарған қайраткер

Түпқарағанда патша заманында Николаев стансасы деп аталған елді мекенге Кеңес үкіметі басшылығы халыққа ешқандай еңбегі сіңбеген Алексей Егорович Баутиннің есімін берген. А.Баутин кедей, кәдімгі...
photo 349913

Желіде «Путин сарайын» бұзу туралы петиция пайда болды

Геленджик тұрғындары Краснодар өлкесінде салынған "Путин сарайын" бұзуды талап еткен петиция жариялады....
5c8a468e44a87

Балғынбек Имашев: …Қару алып соғысуға дайынмын

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Instagram-дағы парақшасында халықтың мүддесіне қарсы заңды қабылдауға қарсы...
2019122713542126920 80330876 1860621140748484 28004583149687

BEK AIR компаниясы ұшақ құлаған үйдің иесін тағы сотқа берді

Bek Air компаниясы жақында Алматы халықаралық әуежайының маңындағы ұшақ құлаған үйдің иесін...

Жаңалықтар

Желіде «Путин сарайын» бұзу туралы петиция пайда болды

Геленджик тұрғындары Краснодар өлкесінде салынған "Путин сарайын" бұзуды талап еткен петиция жариялады. Петиция Change.org сайтында жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Үндеудің авторлары заңсыз құрылысты бұзуды, қала...

Балғынбек Имашев: …Қару алып соғысуға дайынмын

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Instagram-дағы парақшасында халықтың мүддесіне қарсы заңды қабылдауға қарсы екенін жазды. – Алдыңғы поста айтпақ болғанымның жартысы сыймай қалды. Көршілер көтеріліп жатыр....

BEK AIR компаниясы ұшақ құлаған үйдің иесін тағы сотқа берді

Bek Air компаниясы жақында Алматы халықаралық әуежайының маңындағы ұшақ құлаған үйдің иесін тағы сотқа берді. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлады. Бұл жолы бұрынғы әуе компаниясының...

Сот үкімі: бұрынғы энергетика вице-министрі ақталып шықты

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақтап шықты. Оған бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағылған болатын. Бүгін Судья Жанат...

Италия Премьер-министрі отставкаға кетпек

Италия Премьер-министрі Джузеппе Конте отставкаға кету туралы өтініш берді. Ел президенті Серджо Маттарелле Италия премьер-министріне міндеттерін атқаруды жалғастыруды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости. "Президент шешім...

Коронавирустан көз жұмғандардың саны күрт көбейгендіктен крематорий құрылысы қажет болды

Қазақстанға крематорий құрылысы не үшін қажет болды? Бұл сұраққа Әділет министрлігінің сарапшылық жұмысын ұйымдастыру департаменті Сот сараптамалары орталығының жұмысын бақылау басқармасының басшысы Темірболат Қожамжаров...

«Қасым хан» жобасындағы жымқыру ісіне қатысты «Қазақфильм» пікір білдірді

Бұқаралық ақпарат құралдарында «В потоках истории: обретая вечность. Касым хан» сериалының жобасы бойынша бюджеттік қаражатты жымқыру ісін тергеудің егжей-тегжейімен материалдар жариялануына байланысты, ақпаратты нақтылау...

Президент жанынан жаңа агенттік құрылады

Мемлекет басшысы қысқа мерзімде ҚР Президенті жанындағы Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құруды тапсырды. «Былтыр «көлеңкелі» экономика саласында ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты  рекордтық көрсеткіште іс қозғалды....

Эмомали Рахмон Тәжікстанның коронавирусты толық жеңгенін мәлімдеді

30 желтоқсаннан бастап Тәжікстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елдің коронавирусты толық жеңетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik. Оның айтуынша, Үкімет 2020...

Cот үкімі: «Қасым хан» киножобасынан 29,9 млн теңге жымқырылған

«Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаменті «Қазақфильм» АҚ «Қасым хан» киножобасы» филиалының директоры К.Ахметовқа және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады....

Болат ЗАУТҰЛЫ, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты: қандастарды солтүстік өңірге ынталандыру арқылы қоныстандыру қажет

Жаңадан сайланған қоғам белсендісі Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Болат Заутұлы қандастарды солтүстік өңірге ынталандыру арқылы қоныстандыру қажет екенін айтаты. Толықырақ сюжеттен көре аласыздар. https://www.youtube.com/watch?v=IIKqAP6lGBo&feature=youtu.be&ab_channel=GAKKUTV Видео: Нұржан...

Конор МакГрегор аралас жекпе-жектен шеттетілді

Ирландиялық спортшы Конор МакГрегор аралас жекпе-жектен (ММА) жарты жылға шеттетілді. Тengrinews.kz сайтының MMAJunkie басылымына сілтеме жасап жазуынша, МакГрегор денсаулық жағдайына байланысты октагонға шыға алмайды. Оның оң...

Учаскелік инспекторларға бюджет есебінен баспана сатып алынады

Алматы қаласында бюджет есебінен учаскелік инспекторлар үшін өздеріне бекітілген аумақта баспана сатып алынады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ішкі істер органдарын реформалауды жүзеге асыруда учаскелік...

Президент «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша оқулық даярлауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлауды тапсырды. «Оқушыларды оқыту мен дамытудың басқа да түрлері арасында дұрыс теңгерім болуы...

Қазақстандық вакцинаны салдырамын – Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты. Қазіргі ауыр жағдайдан шығудың жолы вакциналауға байланысты екеніне ерекше тоқталған Мемлекет басшысы:...

Елімізде ҰБТ толықтай электронды форматқа көшіріледі

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. "400 балабақша ашылып, 3-6 жас аралығындағы балаларды...

Мемлекет басшысы баспана бағасының шарықтауына тосқауыл қоюды тапсырды

Мемлекет басшысы Тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат беру...

Халыққа берілетін несиенің үстемақысы 6 пайыздан аспауы тиіс – Президент

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында халыққа берілетін шағын несиелердің үстемақысы 6 пайыздан аспауы тиіс екенін айтты. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы халықты жұмыспен қамтудың негізгі құралы. Оның...

Министр Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілетінін айтты

Пессимистік сценарий бойынша елімізде күн сайын коронавирус жұқтырудың тоғыз мың дерегі тіркелген жағдайда карантин шаралары қатаңдатылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі...

Үкімет басшысы биыл қай сала қызметкерлерінің жалақысы өсетінін айтты

Биыл 1,3 млн адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шараларымен қамтылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты. «Үкімет биыл халықты жұмыспен қамту және табысын...

Алматыда 50 жастағы әйелді автобус қағып, мерт қылды

Алматыда 50 жастағы әйелді автобус қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соққан жол апаты бүгін, 26 қаңтар күні таңертең О.Жандосов пен...

Ұлтының ұмытылмас тұлғасы – Cапар Байжанов

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетіндегі Е.Шәймерденов атындағы аудиторияда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі жазушы-публицист Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл толуына орай...

Әлі дүниеге келмеген баласын сатпақ болған жұп ұсталды

Хорезм облысының Ургенч ауданындағы Бекабад ауылының тұрғыны әлі туылмаған баласын сатуға әрекет еткен. Бұл туралы өзбекстандық басылымдарға сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.  Жергілікті...

Тұрғын үй құрылысы: Қазақстан ТМД елдері арасында 1-орынға шықты

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында тұрғын үй құрылысы саласында 1-ші орында, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. Ведомство мәліметінше, былтыр Қазақстанда тұрғын...

«Жарқыраған мың күн» кітабы  2021 жылдың Жыл кітаптары тізіміне енді

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханалар қауымдастығының бастамасымен, сонымен қатар ҚР Мәдениет және...

Әлемде гауһарға сұраныс артты

Әлемде бірнеше жыл тоқыраудан кейін гауһар сатылымының тез қалпына келуі байқалады, деп хабарлайды Bloomberg.  Басылымның мәліметінше, De Beers тау-кен компаниясы шикі алмаз шикізатын жеткізу бойынша...

Елімізде коронавирустан көз жұмғандар көбейді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте қанша адам көз жұмғанын хабарлады. Өткен тәулікте коронавирустан 15, пневмониядан үш адам қайтыс болды. 1266 адам вирус жұқтырса,...

Дәрігер қорқор шегудің басты қаупін атады

Ресейдің қатерлі ісікке қарсы қоғамының басшысы, Блохин атындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының бөлім меңгерушісі Давид Заридзе НСН-ге берген сұхбатында қорқор шегудің қауіптілігі туралы айтты. "Біз...

69 млн теңге: Дүкеннен сәбіз сатып алған жігіт аяқ астынан байып кетті

Ұлыбританияда көкөніс сатып алған ер адам кенеттен байып шыға келді. Бұл туралы Daily Star-ға сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Сүйіктісі Трейсимен бірге тамақ әзірлемек болған Мартин...

Қазақстанда бір тәулікте 1266 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 266 жағдай тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.  Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында -21576(+91), Алматы қаласында - 21408(+132), Шығыс Қазақстан облысында - 19880 (+45), Атырау облысында...

COVID-19: Ғалым вакцинациялаудың шекті жасын атады

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның шекті жасы — 80-85 жас. Биология ғылымдарының докторы, Джордж Мейсон университетінің (АҚШ) жүйелік биология мектебінің профессоры, Ресей ғылым академиясының Медициналық-генетикалық ғылыми...

ШҚО-да есірткі сататын 21 жастағы қыз ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында алдын ала белгілі бір орындарға салып қою арқылы синтетикалық есірткі таратумен айналысатын жас қыз анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 11 қаңтарда Есірткі...

Маңғыстауда бала зорлаған қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айрылды

Маңғыстауда бала зорлау қылмысына алғаш рет өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі. Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі...

Димаш Құдайберген тыңдарманымен тікелей эфирде жүздеспек

Әлемге әйгілі отандасымыз Димаш Құдайберген жанкүйерлерімен тікелей эфирде жүздесуге уәде берді. «Сәлем, Dears! Менің алғашқы онлайн-концертімді көргендеріңіз үшін рақмет! Мен және менің командам бұл кешті...

Мемлекет басшысы ауызсумен жабдықтауды субсидиялау туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер...

Алматыда жүргізуші «Сергек» камераларын алдамақ болған

Алматыда жол талғамайтын көліктің жүргізушісі "Сергек" камераларын алдамақ болған, - деп хабарлайды Polisia.kz. 35 жастағы азамат жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, жазадан жалтару мақсатында көліктің алдыңғы...

Белсенді Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз жазды

Белсенді Әйгерім Тілеужанова бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовты жауапқа тартуды талап етіп полиция департаментіне өтініш берді, деп хабарлайды NewTimes.kz. Бұл туралы белсенді жексенбі күні өзінің...

Украинаның Сыртқы істер министрлігі Путинді жау деп атады

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба оппозиция Алексей Навальныйды қолдайтынын айтып, пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz. "Менің жауымның жауы-менің досым. Мұны Навальныйға қазір наразылықтардың бейнесі...

Денесін бөлшектеген: Атырау облысында өз туысын өлтірген мұғалім келіншек ұсталды

Әлеуметтік желіде жазда Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында өз туысын өлтіріп, денесін ауладағы сарайда сақтаған мұғалім келіншек туралы ақпарат тарады, деп жазады "Ақ...

WhatsApp 30 миллионнан астам қолданушысынан айрылды

WhatsApp мессенджері қаңтар айының басынан бері 30 миллионнан астам қолданушысын жоғалтқан. Бұл туралды The Guardian хабарлады. Басылым дерегінше, бұған қолданушылардың қосымшаның жаңартылған нұсқасына көңілі толмауы...

Нұрсұлтан Назарбаев Асхат Аймағамбетовтің есебін тыңдады

«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне білім және ғылым саласының...

Елбасы Талғат Донақовты қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында...

Көкшетаулықтар вакцинацияға қарсылық білдіріп алаңға шықты

Көкшетау қаласының тұрғындары алаңға жиналып, жаппай вакцинациялау мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына қарсылық білдірді. Онымен қоса бейнеүндеу түсірген. Видео әлеуметтік желіде "Көкшетауда митинг басталды"...

Қарақия ойпатындағы қоқыс үйіндісі жойылды

Қарақия-Қаракөл қорығының аумағында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады облыстың экология департаменті. Мұнайлы аудандық ТКШ бөлімінің қызметкерлері Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи қаумалының мамандарымен бірлесіп сенбілік өткізді. -...

Коронавирустан қайтыс болған науқастардың туыстары наразылыққа шықты

Бүгін Бішкекте коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары Денсаулық сақтау министрлігінің ғимараты алдында пикет ұйымдастырды. Наразы топ бас пульмонолог Талантбек Сооронбаев пен министрдің орынбасары Мадамин Каратаевтың...

Трамп өз партиясын құру туралы жоспарынан бас тартты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елдегі демократтармен және республикашылармен бәсекелес болатын үшінші ірі саяси партия құру туралы ойынан бас тартты. Бұл туралы Fox News...

Зейнетақы жинағын пайдалану: Порталдағы өтініміңіз жойылса не істеу керек?

«Отбасы» банкі enpf-otbasy.kz онлайн-платформасының жұмысын түсіндірді. «Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы сіздердің өтінімдеріңіз жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін: 1. Егер қажет...

SpaceX орбитаға жіберілген спутниктер саны бойынша рекорд жаңартты

SpaceX компаниясы спутниктердің рекордтық көрсеткіші – 143 аппараты бар Falcon 9 зымыран тасығышын ұшырды, деп хабарлайды РИА Новости. Бұдан бұрынғы рекорд 2017 жылы Үндістанда тіркелген...

Масканың орнына респиратор: Қорғаныс құралдарын пайдалану талаптары күшейтілді

25 қаңтардан бастап Австрия тұрғындары дүкендерде немесе қоғамдық көліктерде маскалардың орнына жоғары дәрежелі FFP2 қорғаныс респираторларын қолдануға міндеттелді. Бұл жаңалықты Австрия канцлері Себастьян Курц...

Шетелдегі қандастарға қазақ тілін үйрету жобасы талқыланды

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы арасында кездесу өтті. Жобаның басты мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтардың...

Елімізде баланың жүрген жерін анықтайтын жүйе іске қосылады

Қазақстанда баланың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік беретін "Тап мені" жүйесі іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп...

Коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартқандар жұмыстан қуылды

Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысынан айрылды.  Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме басшысы әйелімен бірге екпе салдырып, өзгелерді де вакцина алуға шақырған....

Ертең Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады. «Ертең, яғни 26 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

Ер адам бастығы берген сыйлықтың арқасында 84 млн теңгеге байыды

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Шарлотт қаласының тұрғыны бастығынан Рождествоға сый ретінде алған лотерея билетінің арқасында ірі олжаға кенелді, деп хабарлайды UPI басылымы.  Та’Вон Бэттс...

Интернет арқылы көлік сатып алмақ болған Петропавл тұрғыны жарты миллион теңгесінен айрылды

Интернетте автокөлік сатып алмақ болған петропавлдық жарты миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Интернет-алаяқтық саны артып келеді, қылмыскерлер де түрлі амал-тәсілдерді ойлап табуда. Веб-ресурстардың...

1 ақпаннан бастап Алматы толығымен цифрлық телехабарға көшеді

1 ақпаннан бастап Алматы қаласы толығымен цифрлық эфирлік телехабарға көшеді, – деп хабарлады қала әкімдігі. 2021 жылдың 1 ақпанында Алматы қаласында «Көктөбе» телемұнарасында цифрлық эфирлік...

Бауыржан Байбек «Jas Otan» мен жас депутаттарға жүктелетін міндеттерге тоқталды

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен «Jas Otan» Орталық кеңесінің отырысында Нұржан Жетпісбаев «Nur Otan»-ның жастар қанатының жаңа басшысы болып сайланды. Бұл туралы партия...

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен Семей қаласының әкімі қызметіне Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды. Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын,...

Еліміздің кей аймақтарында күн жылынады

"Қазгидромет" 26-28 қаңтардағы ауа райы туралы болжамдарын айтты. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің кей аймақтарында аяз бәсеңдеп, күн жылынады.  Солтүстік Қазақстан облысында аяз бәсеңсіп, қар жауады, бұрқасын...

COVID-19: ШҚО-да қайтадан блокбекеттер қойылды

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақтағы шектеу шараларын 2021 жылдың 25 қаңтарынан 7 ақпанына дейін ұзарту туралы жаңа қаулы шығарды. Құжатқа сәйкес, облыста санитарлық...

Петропавлда аялдамаларға бейнебақылау камерасы орнатылды

Петропавлда бұзақылықпен күресу үшін әр автотұрақ, аялдамалардың жанына бейнебақылау камерасы орнатылды. Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, облыс орталығында қосымша жаңа 120 бейнекамера пайда болды. Бұл –...

Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

Денсаулық сақтау министрлігі 25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен қаласы «қызыл» аймақта тұр....

Бойжеткен үшін бір-біріне оқ жаудырған азаматтардың үстінен қылмыстық іc қозғалды

Нұр-Сұлтанда жас жігіттер бойжеткен үшін бір-біріне оқ жаудырды, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. Елорда тұрғыны Эльмира Баекешева түнде болған атыс туралы Facebook-тегі парақшасында жазды. «Түннің...

Карантин: Маскасыз суретке түскен депутаттар айыппұл төлейтін болды

Семейде маска тақпай суретке түскен қалалық мәслихат депутаттарына санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері мәлімдеді. Arnapress.kz сайтының мәліметінше,...

Елімізде 1 480 адам коронавирус жұқтырды

Сoronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, 24 қаңтар 23:59-дағы эпидемиология жағдай бойынша 1 480 адам коронавирус жұқтырды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 211 Алматы қаласы - 135 Шымкент...

Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды

Бразилияның Порту-Насиунал қаласының маңында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионның футболшылары мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды. ҚазАқпараттың Globo телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, апат орнында...

Аяз күшейеді: 10 өңірде ескерту жарияланды – Қазгидромет

Бүгін, қаңтардың 25-і күні, еліміздің басым бөлігінде күн суытып, көктайғақ болады, тұман түсіп, аяз күшейеді, – деп хабарлады Қазгидромет. 25 қаңтарда Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан...

Нью-Йоркте Навальныйды қолдау акциясында Қазақстан туы көтерілді

23 қаңтарда Алексей Навальныйды қолдау акциясы тек Ресейде емес, басқа да бірнеше мемлекетте өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нью-Йорктегі Таймс-скверде көптеген адам ту және...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындауларға шолу

Өткен апта ішінде жаңа Үкіметтің құрамы белгілі болды. Ведомстволарда вице-министрлер мен аппарат басшылары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Апта басында Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Президент...

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты (видео)

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century («16 ғасырдан...

Төрт бірдей олимпиадаға қатысқан қазақстандық шаңғышы жол апатынан қайтыс болды

Төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық шаңғышы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті. Байрақты додаларда...

«UFC – оның деңгейі емес». Жалғас Жұмағұлов тағы да жеңіліп қалды (видео)

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-4) Абу-Даби (БАӘ) қаласында ұйымдастырылған UFC 257 турнирінде швециялық спортшы Амир Альбазиден (13-1) жеңіліп қалды. Үш раундқа созылған жекпе-жек Альбазидің пайдасына шешілді, алайда...

Атышулы Конор Макгрегор Порьеден техникалық нокаутпен жеңілді (видео)

Абу-Даби (БАӘ) қаласында өткен UFC 257 турнирінің басты кездесуінде  ирландиялық файтер Конор Макгрегор (22-4) америкалық аралас жекпе-жек шебері Дастин Порьеден (26-6-1) жеңіліп қалды. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын,...

Әлемге әйгілі тележүргізуші өмірден өтті

Америкалық тележүргізуші Ларри Кинг қайтыс болды. Қаралы хабар оның Twitter-дегі аккаунтында жарияланды. Америкалық тележүргізуші, журналист Ларри Кинг 87 жасында дүниеден озды. Кинг сенбі, 23 қаңтарда Лос-Анджелестегі...

Елорда Жазушылар үйінде екі игі шара өтті

Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы биылғы жылды екі маңызды іс-шарамен бастады. Әдеби басқосу аясында елордалық бөлімше директоры Дәулеткерей Кәпұлы жастар шығармашылығы жөніндегі орынбасарын...

Балғынбек Алексей Цойды қарғап тастады

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың көктемде коронавирустың елімізде таралу ауқымы жайлы болжамына қарғыспен қарсылық білдірді. Ақын өзінің Instagram парақшасында «Қой үстіне...

Қазақ каскадерлері «Taurus» сыйлығына ие болды

Қазақстандық каскадерлер тобы Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Taurus» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл әлемдегі каскадерлердің ең беделді кәсіби сыйлығы, оны біздің «Қазақфильм»...

Жандос Бүркітбаев вице-министр қызметіне тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жандос Қонысұлы Бүркітбаев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында...

Елбасы Алтай Көлгіновті қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл жөнінде Елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде елорда әкімі Елбасыға қала құрылысындағы алдағы жоспарлар мен саниталық...

Тоқаев Алексей Цойға карантин жағдайын қатаң бақылауды тапсырды

Президент  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жөнінде...

Зинедин Зидан коронавирус жұқтырды

«Реал Мадрид» испан футбол клубының жаттықтырушысы Зинедин Зиданның коронавирус инфекциясына жасалған тесті оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. Зидан 2019 жылы...

Әлия Назарбаева: Барлығына бірдей көмектесе алмаймын

Әлия Назарбаева Instagram-ға көмек сұрап, өтініш білдіріп жазатын адамдар туралы айтты. Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! ⠀ Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады! ⠀ Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді:...

Зейнетақы жинағы ең көп өңірлер аталды

«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова тұрғындарының зейнетақы жинағы ең көп 4 өңірді атады. «658 млрд теңге! Алматы қаласындағы салымшылар (зейнетақының бір бөлігін...

Қырғыз Республикасының жаңа президенті салтанатты ұлықтау рәсімінен бас тартты

Қырғыз Республикасының жаңа президенті Садыр Жапаров ұлықтау рәсімі кезіндегі арнайы кортеж бен банкеттен бас тартты. Садыр Жапаров бұл туралы өз көзқарасын Қырғызстан президентінің ресми...

Индонезиядағы Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды

9 қаңтарда апатқа ұшыраған индонезиялық Sriwijaya Air авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы қозғалтқышты басқару жүйесінің бұзылуына байланысты құлауы мүмкін. Бұған Boeing 737-нің қара жәшіктерінің бірінен алынған...

Этникалық қазақтар қандас мәртебесін сирек ала бастаған

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға қоныс аударған 13 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл 2019 жылға қарағанда 4 мың адамға аз, деп хабарлайды...

Мақтааралдықтар көктемгі егіс жұмыстарын бастап кетті

Мақтаарал ауданының шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің...

Еліміздің бірқатар өңірінде жол жабылады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран) барлық автокөлік түрлері үшін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірқатарына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлады «Қазақавтожол». Алматы –...

Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайттың аты жарияланды

«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайттың атын жария етті. «Сайттың атын алғаш рет жария етейін. Ол -...

Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет: Нидерландыда коменданттық сағат енгізіледі

Нидерланды парламенті елдің уақытша үкіметінің коронавирустық пандемия жағдайында мемлекет аумағында коменданттық сағат енгізу туралы ұсынысын көпшілік дауыспен қолдады. Бұл туралы заң шығарушы органның сайтына...

«Nur Otan»: Азаматтарды қабылдау қайта жанданды

Мұқтаж жандарға көмек көрсету алматылық нұротандықтардың басты назарында. Биылғы жылы қаланың мемлекеттік мекемелері басшыларының азаматтарды қабылдауы қайта басталды. Бұған дейін ол Парламент Мәжілісі мен...

«Сергек» көмекке келеді: Енді алимент төлемегендерді жазалау оңайға түспек

Биылдан бастап алимент төлеуден жалтарып жүргендерді анықтауға «Сергек» жүйесі қолданылады. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев мәлімдеді. «Биыл бұл жұмыстарды жандандыра түсетін екі жайт...

«100 млн доллар сыйақы беремін»: Илон Маск бірегей технология үшін байқау жариялады

SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск көмірқышқыл газын ұстап қалудың ең тиімді технологиясын ойлап тапқан адамға 100 миллион доллар төлеуге уәде берді. "Мен көмірқышқыл газын...

Ақтөбеде мүгедек қарияларды көсеумен ұрып, бар ақшаларын алып кеткен күдікті ұсталды

Ақтөбе полициясы қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады. Ол үй иелерін ұрып-соғып, қолда бар ақшасын алып кеткен. Полицияға белгісіз біреудің терезе арқылы кіріп, отбасы мүшелерін көсеумен ұрып...

Президент ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды

Аргентина президенті Альберто Фернандес коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Интерфакс. Мемлекет басшысының вакцина алу кезіндегі суреттері жергілікті басылымдарда жарияланды. Бұған дейін...

Аида Балаева: Президент қол қоймаған кез келген заң жобасы тиісті өзгерістерге құқылы

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қаласында «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауға қатысты жиында аталған құжаттың мақсат-міндеттерін түсіндірді.  «Қоғамдық бақылау туралы» заң...

«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды

«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры болып Мәдина Нұрғалиева тағайындалды. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жаңа басшылық алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды. Соның...

Қазақстандық депутаттардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Еліміздегі депутаттардың айлығы 550 мыңнан басталады. Еңбек өтіліне қарай 800 мың теңгеге дейін жалақы алатындары да бар, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Телеарна таратқан...

Зейнетақы жинағын пайдалану: ертең өтінім беретін онлайн-платформа іске қосылады

«Отбасы банк» 23 қаңтарда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану үшін өтінім беруге болатын онлайн-платформаны іске қосады. «Отбасы банктың» хабарлауынша, бүгінге дейін банкте арнайы 57 мың...

Ақтөбе облысындағы кеніште болған қайғылы оқиғаның себебін атады

Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Весенне – Аралчинский» жерасты кенішіндегі қайғылы оқиғаның себеп-салдары белгілі болды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2020...