Мемлекеттің әрбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды

Сондай-ақ!

Алматыдан 170 шақырым жерде жер сілкінді

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 қарашада Алматы уақытымен 23 сағат 47 мин 04 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке...

Мұрат БАҚЫТИЯРҰЛЫ: Нұрбесік ауылы – Байқоңырдың күйін кешіп отыр (видео)

Нұр-Сұлтан қаласы Көктал-1 шағынауданы шетінде бейресми атауы Нұрбесік деп аталатын ауыл бар. Бейресми дейтін себебіміз бұл елді мекеннің бой көтере бастағанына 12 жылдан асса...

Марадонаның өліміне дәрігері себеп болуы мүмкін – ВВС

Аргентина билігі Диего Марадона дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды BBC. Прокуратура дәрігер футболшыны абайсызда өлтіруі мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр. ВВС Аргентинаның Todo...

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру мен сақтау үшін жүргізіліп жатқан шаралар туралы тоқталып өтті. "Үкімет заманауи мұрағат қызметінің...

Коронавирус пандемиясы әлемдік экономиканы әбден қыспаққа алды. Bloomberg-тің бол­жамынша, жаһандық қар­жы жүйесі 2,7 трлн доллар шығынға батады. Ал Ха­лық­аралық валюта қоры әлем экономикасының өсу қарқыны 2,9 пайызға бә­сеңдегенін алға тартты. Шекараларын тарс жауып, алыс-бе­ріс­ті тоқтатуға, өндірісті шектеуге мәжбүр болған мем­ле­кет­тердің қаржылық тұрақтылығына қауіп төне бастады. Сын­дарлы сәтте әр ел өз аза­маттарының денсаулығына ғана емес, әл-ауқатына да алаңдаулы. Апта басында Төтенше жағдай жө­ніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген Қа­зақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ел тұр­ғын­дарын қиындықта қалдырмайтынына сендірді.

Елде төтенше жағдай режиміне байланыс­ты бір­қатар кәсіпорынның жұ­мысы уақытша тоқ­тап, қызмет көрсету және нарық сала­ларын­да жұ­мыс істейтін аза­мат­тардың біразы жұ­мыссыз қалды. Қасым-Жомарт Тоқаев тө­тен­ше жағдайға байланысты табыс көзінен айы­­рылған қазақстандықтарға ай сайын 1 ай­лық есеп­тік көрсеткіш көлемінде (42 500 тең­ге) жәрдемақы төлеуді тапсырды. Пре­зи­денттің айтуынша, мұндай кө­мекке кемінде 1,5 миллион адам ілінеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы төтенше жағ­дай режимінің мерзімі аяқталғанша қазақ­стандықтардың несие және салық төлемдерін кейінге шегеруді тапсыр­ды.

«Мен банктер жағдайға түсіністік таны­та­ды деп ойлаймын», – деп атап өтті Тоқаев. Қа­­­зақстан Пре­зидентінің сөзіне қарағанда, қар­жылық жағдайы на­шарлағанда азаматтар ке­пілсіз несиелер үшін банктік емес сектордың кө­­мегіне жүгінеді. Ломбардтарға, интернет-не­­сие берушілер мен микроқаржылық ком­па­ния­лардан ақша алуға мәжбүр болады. «Бұл ретте халықты алаяқтықтан сақтандырып, са­­ла­да тәртіп орнатудың маңызы зор», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жө­нін­дегі мемлекеттік комиссияның оты­ры­сында.

Бұдан бөлек, Президент кә­сіп­керлік қызметті ынталандыру мен бағаның тұрақ­тылығын қамта­ма­сыз ету бойынша ша­ралар кешенін әзірлеуді тапсырды. «Шағын және орта бизнеске айыппұлдар мен өсімпұлдар төлемей, салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің бар­лық түрін төлеуді 3 айға кейінге қал­дыруды ұсыну қажет деп са­най­мын», – деді Қ.Тоқаев. Мемле­кет бас­­шы­сының айтуынша, ауыл­шаруа­шылық өнімдері мен азық-түлік тауарларына қо­сымша құн са­лығын уақытша төмендету, маңыз­ды импортқа кедендік баж­дарды жою және тағы басқа шара­ларды қарастыру қажет. «Бұл жұ­мыс бір апта ішінде жүзеге асуы тиіс», – деп қадап айтты Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев күрделі жағ­дай­ды жеке басына пай­да­ла­на­тын алаяқтыққа, алыпсатарлыққа жол бермеу керегін ескерт­ті. Осын­дай жағдайлардың алдын алу үшін барлық елді мекендерді қажетті заттармен қамтамасыз етуді  талап етті.

– Бұл жұмыстарды жүйелі ат­қару үшін әлеу­меттік маңызы бар тауарлардың тізімін бекітіп, сол арқылы бағаны мемлекеттік рет­теуді енгіземіз. Барлық облыс­тар мен қа­лаларда азық-түлік және ең қа­жетті тауар­лардың қоры жет­кілікті. Әр аймақтың әкімі ең қа­жетті тауарлардың нақты есебін жүр­гізуі қажет, – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұялы бай­ланыс пен интернетке, әсіресе, ағарту­шы­лық ресурстарға, әлеу­меттік желілер мен мессенд­жер­лерге қолжетімділікті арттыру­ды тапсырды.

«Карантин енгізілуіне байла­ныс­ты біз ха­лықты үйлерінде болу­ға шақырдық. Қа­шықтан жұ­мыс істеу адамдарды мобильді тех­­нологияларды барынша бел­сен­ді пайда­лануына түрткі болады. Осыған байланысты төтенше жағ­дай режимі қолданыстағы ке­зең­де мобильді байланыс пен ин­тер­нет қол­жетімділігін әсіресе, бі­лім беру ресурс­та­рына, әлеуметтік же­лілер мен мессенджер­лерге кеңей­туді тапсырамын. Қазақ­стан­дық бар­лық интернет-ресурс­тар­дың қолжетім­ді­лігі тегін болуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы коро­нави­рус­пен кү­рес жұмыстарына тар­тыл­ған қызметкер­лердің ерен ең­бегін де ескерусіз қалдырмады.

«Бүгінде алдыңғы шепте өз бас­тарын үлкен қатерге тігіп, дема­лыссыз жұмыс істеп жатқан біздің аза­маттарымыз – дәрігерлер, по­ли­ция қызметкерлері және басқа да ма­мандар өз отбасыларын сирек кө­реді. Со­ған қарамастан, өздерінің аза­маттық және қызметтік борыш­тарын толық орындап жүр. Сіз­дерге шынайы алғысымды біл­ді­ре­мін», – дей келе, Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерге қосымша қар­жы тауып, коронавирусқа қар­сы күрес жұмыстарына тартылған дәрігерлерге, полиция қызмет­кер­лері­не және өзге де мамандарға 1 ай­лық көлемінде сыйақы беруді тап­сырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ай­туынша, сын­дарлы кезеңнен сү­рін­бей өтуге елімізде барлық мүм­кін­дік пен жеткілікті қор бар. Са­лық­тық жеңілдіктер мен жергілікті дең­гейдегі қолдауларды есеп­те­ме­генде, дағ­дарысқа қарсы шараларға мем­лекет тара­пынан 4,4 триллион (10 млрд) доллар бө­лінді. Ең маңыз­дысы, қолайсыз жағдайға дайын­дық  дер кезінде басталды жә­не бағ­дарымыз белгіленді.

Бет қатталып жатқанда

Кеше Қазақстан Президенті Ұлттық биотех­нология орталығында болып, отандық ғалым­дар­дың зерттеу жұмыстарымен танысты. Орта­лық қызметкерлері Мемлекет басшысына ДНҚ жа­санды синтез жолымен әзірленген және жұқпалы коронавирус ауруының жаңа түрін жыл­дам анықтауға мүмкіндік беретін поли­меразды тізбекті реакция (ПЦР) негізіндегі тест жүйесін таныстырды. Аталған тест жүйесі шет­ел­дік диагностикалық құрал-жабдықтармен са­лыстыру кезінде өзінің жоғары сезімталдығын көр­сеткен. Қасым-Жомарт Тоқаев биолог ғалым­дардың еңбегін жоғары бағалап, Қазақстан ғы­лымының құзыретін арттыру үшін отандық әзір­лемелердің маңызын атап өтті.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Қазгидромет» ескертеді: бүгін 5 өңірде ауа райы қолайсыз

Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлады...

Алматыдан 170 шақырым жерде жер сілкінді

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 қарашада Алматы уақытымен 23...
Нұрбесік

Мұрат БАҚЫТИЯРҰЛЫ: Нұрбесік ауылы – Байқоңырдың күйін кешіп отыр (видео)

Нұр-Сұлтан қаласы Көктал-1 шағынауданы шетінде бейресми атауы Нұрбесік деп аталатын ауыл бар....
Марадона

Марадонаның өліміне дәрігері себеп болуы мүмкін – ВВС

Аргентина билігі Диего Марадона дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды...
мұрағат

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...