Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жетті

ашық дереккөзі

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жетті

26 наурыз сағат 08:25 жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 88-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.  Кеселді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жұқтырды. Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирустың өршуінің ең жоғары деңгейі сәуір айының бірінші онкүндігінде болады деген болжам жасаған. «Өкінішке қарай, әрқашан бұл жағдай бізге байланысты емес. Біздің есебіміз бойынша қабылданған шаралар аурудың таралуын шамамен 50 пайызға азайтты. Сондықтан, карантиндік шараларды сақтау қажет, кеше Президент айтқандай, мүмкін бұл шараларды одан әрі де қатайтуы мүмкін, бұл инфекцияның таралу жылдамдығын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді, – деді ол.