25 Наурыз 2020, 12:22 573 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Дәрігерлер қала тұрғындарынан көмек сұрайды (видео)

Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері мен медбикелері қала тұрғындарынан көмек сұрайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары Гауһар Бисарина Facebook парақшасына жариялаған видеода елорда дәрігерлері, мейірбикелер мен жедел жәрдем қызметкерлері қала тұрғындарын коронавирус індетін жеңу үшін үйде отыруға шақырады.

«Менің атым Бақытжан. Біз Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлеріміз. Қазір қиын-қыстау кезеңнен өтіп жатырмыз. Сіздерден көмек сұраймыз. Үйде отырыңыздар», – дейді дәрігерлердің бірі.

Инфекционист-дәрігер Ақбота да қазір маңызды сәт екенін, бұл жаттығу еместігін баса айта келе індеттен қорғанудың жалғыз мүмкіндігі – үйде болу екенін баса айтады.

«Менің балаларым үйде отыр. Сіздің балаларыңыз ше? Үйде қалуыңызды сұраймын», – дейді медицина саласында 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Жұпаргүл есімді мейірбике.

Соңғы жаңалықтар