Apple-дың вирусқа қарсы қорғанысы сыр берді

Apple-дың вирусқа қарсы қорғанысы сыр берді

Apple-дың вирусқа қарсы қорғанысы сыр берді
ашық дереккөзі

Apple-дың вирусқа қарсы қорғанысы әлсірей бастады. Компания компьютерлеріне тұңғыш рет вирус енді. Macintosh компьютеріне енген KeRanger бағдарламасы мәліметтерді құлыпқа түсіріп, кейін оларды ашу үшін қолданушыларан ақша төлеуіп талап етедіғ деп хабарлады НТВ телеарнасы. Хакерлер зақымдаушы бағдарламаны мәліметтерді BitTorrent торрент-трекер арқылы алмасуға мүмкіндік беретін Transmission бағдарламасының сайтына жүктеген. Вирус бағдарламаның жаңа нұсқасы ретінде таралған. Компьютерге орнатылғаннан кейін " бопсалаушы" вирус 3 күн күтіп, кейін қолданушының файлдарын шифрлеп тастайды, осыдан кейін 1 бикоин (шамамен 400 доллар) талап етеді. Мамандар зақымдаушы бағдарламаны сайттан өшіріп тастады. Енді қолданушылар Transmission жаңа нұсқасын жүктей алады. Жаңа нұсқа компьютерге орнатылған вирусты автоматты түрде жояды.