БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, соның ішінде 1«А» санатына кіретін елдерден келген 24 адам карантинге жатқызылған. Қалған 124-і үйде бақылануда.
22 наурыз күні Мәскеу – Ақтөбе рейсімен ұшып келген ақтөбелік әйелден коронавирус анықталғаны мәлім. Осы рейспен батысқазақстандық төрт тұрғын да келген. Бұлардан коронавирусқа алынған тест теріс нәтиже көрсеткенімен, олар да карантинде жатыр.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан ішкі әуе рейстерімен және темір жолмен келген барлық жолаушылар да бақылауға алынған. Сондай-ақ Ресей Федерациясымен шекаралас бес автобекетте санитарлық қадағалау күшейтілді.