Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында 148 адам медициналық бақылауға алынды

ашық дереккөзі

Батыс Қазақстан облысында 148 адам медициналық бақылауға алынды

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, соның ішінде 1«А» санатына кіретін елдерден келген 24 адам карантинге жатқызылған. Қалған 124-і үйде бақылануда. 22 наурыз күні Мәскеу – Ақтөбе рейсімен ұшып келген ақтөбелік әйелден коронавирус анықталғаны мәлім. Осы рейспен батысқазақстандық төрт тұрғын да келген. Бұлардан коронавирусқа алынған тест теріс нәтиже көрсеткенімен, олар да карантинде жатыр. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан ішкі әуе рейстерімен және темір жолмен келген барлық жолаушылар да бақылауға алынған. Сондай-ақ Ресей Федерациясымен шекаралас бес автобекетте санитарлық қадағалау күшейтілді.