«Nur Otan»: Игілікті істер партиясы

24 наурыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
«Nur Otan»: Игілікті істер партиясы Нұротандықтар «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында тұрғындарға көмек көрсетуді жалғастыруда. ­ Ең алдымен қажет азық-түлік пен гигиеналық тауарлар ғана емес, ауылшаруашылық өнімдері де жеткізіліп берілуде. Қарағанды облысы бойынша фермерлер Одағының төрағасы Игорь Жабяк 2000 келі картоп, «Волынка» шаруа қожалығының басшысы Данияр Сәкенов азық-түлік жиынтықтарын, ал кәсіпкер Айдын Албақай 5000 келі сиыр етін бөлді. Сиыр еті көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және жалғыз басты қарт адамдарға таратылды. Осылайша мың отбасы қамтылды. ­ «Мен өзім көпбалалы ана болғандықтан, көмек пен қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Ең бастысы, осындай уақытта туған-туысқандарды ғана емес, бір-бірімізді де сақтауымыз керек», – деп атап өтті Меруеш есімді көпбалалы ана.