Жаңалықтар

Ирандағы ең ауқатты адам өлім жазасына кесілді

ашық дереккөзі

Ирандағы ең ауқатты адам өлім жазасына кесілді

Ирандағы ең бай адам ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін өлім жазасына кесілді. Сот Бабак Занджани есімді миллиардерді дарға асу туралы үкім шығарды. Бұл туралы ирандық БАҚ-қа сілтеме жасап, 24.kz. хабарлады. «Мұнай жөніндегі іс бойынша Бабака Занджаниге және тағы екі айыпталушыға қатысты үкім шықты. Бірінші инстанция соты оларды Құдайға және мемлекетке қарсы қылмыстары бойынша айыптайды» – деді сот билігінің өкілі Голям Хусейн Мохсени Эжеи Эжеи. Бұдан бұрын Занджани мұнай сатуға байланысты жемқорлық әрекеті үшін қамауға алынған болатын. Иран ұлттық мұнай компаниясына қарсы санкция салынғаннан кейін Иранға мұнай экспортын ары қарай жалғастыруға тура келді және компания Занджаниге сомасы 3 миллиард доллардың мұнайын экспорттауды тапсырған еді. Алайда компания Занджаниден ешқандай кепілдік алмаған. 2012 жылы Занджани Тегеранға қарсы санкцияны бұзуына байланысты АҚШ-тың санкциялы тізіміне енген енді.