«Birgemiz» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Руслан Сакеев: Бізге «Nur Otan» партиясының жан-жақты көмегі қажет

Сондай-ақ!

Ертісбаев оппозицияны сынға алды

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәртебесін заң жүзінде бекітті. Атап айтқанда, билеуші партия өкілі саналмайтын, оппозициядан сайланған депутаттарды парламенттік тыңдауларда да, бірлескен...

Еліміздің қанша мұнай қоры бар?

Мұнай қоры бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 11-орында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 6% - ға қысқарып, 61 млн тоннаны құрады. 2020 жылға...

Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандары толығымен ақталады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Отырыс барысында комиссия жұмысын...

“Әлем ханымы” байқауында Қайрат Нұртастың әйелі көш бастап келеді

Онлайн дауыс берудің үшінші күні “Әлем ханымы-2020” байқауына қатысушылар арасында Жұлдыз Абдукаримова көш бастады. ⠀ Бұл байқауға Қазақстан атынан тағы бір отандасымыз, 32 жастағы Аяна Сұлтанбекова...

Елордада коронавируспен күрес жағдайында халықтың мұқтаж тобына қолдау көрсету мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қоры Қамқоршылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. 

Жиын барысында Қордың қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланып, оған белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар кірді.

«Birgemiz» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Руслан Сакеев: Бізге «Nur Otan» партиясының жан-жақты көмегі қажет

Қор құрылтайшылары жиналысының шешімі бойынша Мемлекет басшысының ұсыныстары ескеріле отырып, Қамқоршылар кеңесінің құрамына: Қамқоршылар кеңесінің төрағасы – «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары – Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, Қамқоршылар кеңесінің хатшысы – журналист, «Бас редакторлар клубының» президенті Бибігүл Жексенбай, кеңес мүшелері – Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Ольга Перепечина, Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әбдіров пен Бақтықожа Ізмұхамбетов, «Волонтерлер лигасы» Қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова, «Ұлттық волонтерлар желісі» Заңды тұлғалар қауымдастығының төрайымы Вера Ким, «Мир через духовность» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сауле Мухашова, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы Юрий Пя және «Altyn Kyran» Халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов кірді.

Қордың жоғары басқару органы – Құрылтайшылардың жалпы жиналысының төрағасы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов болды.

Қор құрылтайшылары – «Ардагерлер ұйымы» (Бақтықожа Ізмұхамбетов басқарады) және «Мир через духовность» қоғамдық бірлестіктері (Сауле Мухашова басқарады).

«Birgemiz» қорының Басқарма төрағасы Руслан Сакеев қорға «Nur Otan» партиясының жан-жақты көмегі қажет екендігін атап көрсетті. Өйткені осынау қоғамдық бірлестіктің әрбір өңірде филиалдары жұмыс істейді, қажетті материалдық-техникалық базаға ие және «Jas Otan» жастар қанатының кең ауқымды волонтерлар желісі бар.

«Бірінші отырысты біз «Nur Otan» партиясының қабырғасында өткізіп отырмыз, өйткені оның мүмкіндіктеріне сүйенгіміз келеді. Елбасының қолдауымен қорға қаражат түсіп жатыр, ал халықтың ауқымды бөлігімен тиімді жұмыс жүргізу үшін бізге инфрақұрылым, зор ұйымдық тәжірибе және адамдар қажет. Бұл аталғандардың басым бөлігі бүгінде тек партияда ғана бар» – деп атап өтті Руслан Сакеев.

Бүгінде жаңадан құрылған қоғамдық қорға елдің ірі бизнес өкілдері 40 млн доллардан астам қаражатты топтастырды. Бұл қаражат Қамқоршылар кеңесінің шешімімен халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетуге бағытталатын болады. Қазір көмек түрлері мен оны алушылар санаттарын анықтау бойынша жүмыс басталды.

Өз кезегінде Бауыржан Байбек Қамқоршылар кеңесі атынан Елбасы үндеуіне қолдау көрсеткен бизнесмендерге алғыс айтып, қазақстандықтардың бірлесе отырып, кез келген дағдарысты еңсеретініне сенімін білдірді.

«Елбасы, «Nur Otan» Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша біз өзіміздің барлық ұйымдық және медиаресурстарымызды қордың тиімді жұмыс істеуі үшін ақысыз негізде ұсынамыз», – деді Бауыржан Байбек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Біз біргеміз!» жалпы республикалық акциясы аясында «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары желісі бойынша халықтың әртүрлі топтарына әлеуметтік көмек көрсету қор құрылғанға дейін басталып кеткенін атап өткен жөн.

Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бөлді. Коронавирус індетінің таралуына қарсы күреске Елбасының шешімімен Тұңғыш Президент Қоры тағы да 200 млн теңге бағыттады.

Бүгінде «Jas Otan» волонтерлары мен партия белсенділері халықтың әлеуметтік осал санаттарын антисептика және гигиена құралдарымен, бірінші кезекте қажетті тауарлармен байланыссыз тарату жолымен қамтамасыз етуде. Тек соңғы төрт күнде бүкіл ел көлемінде 7 мыңға жуық отбасыға 130 миллион теңге сомаға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Исламбек Салжанов: Қайырымдылық және еріктілікпен айналысатын мекемелер құруымыз қажет

Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер – ұлттық мәдениетінің бір...

Ертісбаев оппозицияны сынға алды

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәртебесін заң жүзінде бекітті. Атап...

Еліміздің қанша мұнай қоры бар?

Мұнай қоры бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 11-орында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша...

Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандары толығымен ақталады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау жөніндегі мемлекеттік...

“Әлем ханымы” байқауында Қайрат Нұртастың әйелі көш бастап келеді

Онлайн дауыс берудің үшінші күні “Әлем ханымы-2020” байқауына қатысушылар арасында Жұлдыз Абдукаримова...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...