Дәрігерге өзі хабарласқан науқастан коронавирус анықталды

Дәрігерге өзі хабарласқан науқастан коронавирус анықталды

Дәрігерге өзі хабарласқан науқастан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Бүгін елордада екі адамда коронавирус жұқпасы анықталды, олардың бірі медицина қызметкеріне өзі хабарласыпты. Coronavirus2020.kz сайтының ресми мәліметінше, коронавирус жұқтырған бірінші пациент 2 наурыз күні Минск-Нұр-Сұлтан рейсінен түсірілген. Лондонда бір ай оқуда болған азамат елордаға келісімен бірден карантиндік стационарға оқшауланған. Қазіргі уақытта ол инфекциялық стационарда жатыр. Пациенттің ешқандай шағымы, клиникалық өзгерісі жоқ, дене қызуы норма шегінде. Науқаспен жақын байланыста болғандардың барлығы инфекциялық стацонарға оқшауланды. Қазіргі уақытта онымен ұшақ бортында жақын байланыста болғандар анықталып жатыр. Екінші пациент – әйел, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Ол 21 наурыздан бастап дене қызуының көтерілуіне орай медицина мекемелеріне өзі хабарласып, 22 наурыз күні инфекциялық стационарға жатқызылған. Зертханалық зерттеулер жүргізіліп, 24 наурыз күні сынама нәтижесі пациентте коронавирустың бар екенін анықтаған. Пациенттің ешқандай шағымы, клиникалық өзгерісі жоқ, дене қызуы норма шегінде. Онымен тығыз қарым-қатынаста болғандарды анықтау жүргізілуде. Коронавирус анықталған 34 пациенттің 33-інің денсаулығы қанағаттанарлық, дене қызулары норма шегінде. Бір пациенттің жағдайы тұрақты ауыр, дене қызуы көтерілмеген. Ем-дом коронавирус инфекциясының клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Қажетті дәрі-дәрмек көлемі жеткілікті.