Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғандардың саны 66 адамға жетті

ашық дереккөзі

Коронавирус жұқтырғандардың саны 66 адамға жетті

Coronavirus2020.kz сайты таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, 2020 жылдың 24 наурызындағы сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның тағы 2 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 66 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 34, Алматыда – 28, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1 және Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.