23 Наурыз, 20:13 1547 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақстанда төтенше жағдай режимі ұзартыла ма?

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан аумағындағы коронавирустың тарауына қатысты азаматтарды мазалап жүрген сауалдарға жауап берді. 

Ел тұрғындарының басым көпшілігін мемлекеттегі төтенше жағдай режимінің ұзартылу мүмкіндігіне қатысты сұрақ қызықтырған.

Дәурен Абаев бүгінгі жағдайға алаңдаушылық танытып жатқан отандастарының сауалына нақты жауап беру мүмкін емес екенін алға тартты. Алайда, министр алдағы уақытқа оң болжам берді. Ол шамамен бір айдан соң, еліміздегі науқастардың саны азая бастау керектігін айтты.

"Қазіргі уақытта бұл сұраққа нақты жауап бере алмайтынымызды мойындауымыз керек. Дәрігерлердің айтқанына бұлжытпай орындайтын болсақ, бұл жағдай тез арада аяқталатын болады. Біз жұқтырғандардың тіркелуі әлі де жалғасатынын күтудеміз. Бірақ, одан кейін жаңадан жұқтырғандардың саны төмендей түспек. Бір айдың ішінде деп үміттенеміз" , - деді Абаев.

Соңғы жаңалықтар