Елордаға 50 мың теңгеге жолсызбен жолаушы тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Елордаға 50 мың теңгеге жолсызбен жолаушы тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Елордаға 50 мың теңгеге жолсызбен жолаушы тасымалдаған жүргізуші ұсталды
ашық дереккөзі
30 жастағы жүргізуші Нұр-Сұлтан маңындағы қадағалау бекетін айналып өтіп, жолаушы тасымалдаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сағат 17:30-да Қарағандыға баратын дала жолда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол Renault Logan маркалы көлігімен қадағалау бекетін айналып өтіп, 50 мың теңгеге жолаушы тасымалдаған. «Жүргізушіге қатысты ҚР әкімшілік кодексінің 476 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Оның көлігі арнайы автотұраққа қойылды», – делінген хабарламада. Полиция қызметкерлері елде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан осындай заңсыз әрекетке барған жүргізушілерді анықтауды жалғастырады.