Жаңалықтар

Birgemiz қоғамдық қорына мәжбүрлеп қаржы жинауға болмайды – Айдос Үкібай

ашық дереккөзі

Birgemiz қоғамдық қорына мәжбүрлеп қаржы жинауға болмайды – Айдос Үкібай

Birgemiz қоғамдық қорына коронавируспен күрес жұмыстарына арналған қайырымдылық қаражаты ерікті түрде жиналуы тиіс. Бұл туралы Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де мәлімдеді.  «Бүгінде Birgemiz қоғамдық қоры қайырымдылық қаражатын бизнес-қоғамдастықтар мен кәсіпкерлерден ғана жинап жатыр. Яғни, ең бірінші кезекте Елбасы үндеуі жолданғандардан ғана», – деп жазды ол. Айдос Үкібай еліміздің бірқатар өңірінде бюджеттік сала қызметкерлерінен Birgemiz қоғамдық қорына мәжбүрлі түрде қайырымдылық қаражаты жиналып жатыр деген ақпараттың тарағанын айта келе: «Мұндай қайырымдылыққа мәжбүрлеп қаржы жинауға болмайды. Барлық қайырымдылық тек қана ерікті түрде жүзеге асырылуы тиіс», – деді.