Жаңалықтар

Қазақстандық дәрігерлер мен полицейлерге сыйақы төленеді

ашық дереккөзі

Қазақстандық дәрігерлер мен полицейлерге сыйақы төленеді

Төтенше жағдай кезінде коронавируспен күрес жұмыстарына тартылған қызметкерлерге бір реттік сыйақы төленеді.  Бұл туралы Ақордада төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.  "Мен Үкіметке және әкімдіктерге қосымша қаражат тауып, дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және коронавируспен күреске тартылған басқа мамандарға бір қызметтік жалақы көлемінде сыйақы төленуін қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.  Айта кетейік, бұған дейін  елдегі төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға жәрдемақы төленетінін хабарлағанбыз.  Қазақстан Президенті  уақытша табысынан айырылған адамдарға шамамен 1 айлық жалақы (42 500 теңге) көлемінде ай сайын төлеуді тапсырды.  Мемлекет басшысының айтуынша,  бұл көмекті кемінде 1,5 миллион отандасымыз ала алады.