Ильхам Әлиев бір жылдық жалақысын коронавируспен күрес жұмыстарына бөлді

Ильхам Әлиев бір жылдық жалақысын коронавируспен күрес жұмыстарына бөлді

Ильхам Әлиев бір жылдық жалақысын коронавируспен күрес жұмыстарына бөлді
ашық дереккөзі

Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиев өзінің бір жылдық жалақысын коронавируспен күресті қолдау қорына аударды. 

 Бұл туралы Sputnik Әзірбайжан агенттігі хабарлады. 

Ильхам Әлиевтің тапсырмасымен құрылған коронавируспен күресті қолдау қорына бастапқыда мемлекет басшысының резервтік қорынан 20 миллион манат бөлінген.

Одан бөлек, елдің барлық жеке және заңды тұлғалары қаржыны сонда аудара алады.

РИА Новости басылымының мәліметінше, Әзірбайжанда коронавирус инфекциясын 65 адам жұқтырған. Олардың бірі қауіпті індеттен көз жұмды.

Бұған дейін Әзірбайжан астанасы Баку коронавирусқа байланысты жабылғаны хабарланған болатын. 

Билік режим бұзғандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Әзірбайжан министрлер кабинеті жанындағы оперативті штаб Бакуге, Сумгаит қаласы мен Апшерон ауданына кіруге шектеу қойылғанын хабарлады.

Бұл шешім COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған.