Елордада блокбекетті бұзып өтпек болған азамат 7 жылға жүргізуші куәлігінен айрылды

Елордада блокбекетті бұзып өтпек болған азамат 7 жылға жүргізуші куәлігінен айрылды

Елордада блокбекетті бұзып өтпек болған азамат 7 жылға жүргізуші куәлігінен айрылды
ашық дереккөзі
Оқиға елорда маңындағы Қосшы ауылына баратын жолдағы блокбекетте болған, деп хабарлайды Polisia.kz. 22 наурыз күні таңғы сағат 03.35-те «BMW» автокөлігін тізгіндеген 30 жастағы жүргізуші алкогольді ішімдікке мас күйінде блокбекетті бұзып өткісі келді. Ер адам төтенше жағдай жарияланған аумақта қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметтік міндеттерін артқарып жүрген ішкі істер органы қызметкерлерінің талабына бағынбаған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 478-бабы (Төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттері, ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау) және 608-бабы (Алкоголь, есірткі немесе өзге де жүйкеге әсер ететін заттардың қабылдап мас күйінде көлік құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Нұр-Сұлтан қаласы арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқықбұзушы 15 тәулікке қамауға алынды және көлік жүргізу куәлігінен 7 жылға айырылды. Одан бөлек, 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Еске сала кетсек, 22 наурыз күні сағат 00.00-де Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіріп-шығу уақытша тоқтатылды.