Бес мемлекеттен мыңдаған қазақстандық елге қайтарылды

Бес мемлекеттен мыңдаған қазақстандық елге қайтарылды

Бес мемлекеттен мыңдаған қазақстандық елге қайтарылды
ашық дереккөзі

Коронавирустың таралуына  байланысты шекараларын жапқан бес елден мыңдаған қазақстандық елімізге жеткізілді. 

Деректерге сүйенсек, 21 наурызда Мысырдағы дипломаттардың күш салуымен Шарм-эль-Шейхтен Алматыға 458 Қазақстан азаматы қайтарылған.

СІМ-нің Telegram арнасындағы ресми парақшасында бүгін, 22 наурызда туристік аймақтардан эвакуацаияланған азаматтар мінген қосымша рейс ұшып келетіні хабарланды.

Сонымен бірге, 21 наурызда Жапониядағы ҚР елшілік қызметкерлері елге төрт отандасымыздың қайтуына көмектескен.

Жалпы алғанда, соңғы тәуліктерде елшілік қызметкерлерінің көмегімен Ресей, БАӘ, Грузия, Жапония, Мысыр сынды мемлекеттерден елге мыңдаған адам оралған.

Шет мемлекеттердегі отандастарымызды елге эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 57 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда 31, Алматыда 23, Қарағандыда 2, Алматы облысында 1 адамның індетке шалдыққаны анықталды.