Коронавирусты 45 минутта анықтайтын экспресс-тест пайда болды
Коронавирусты 45 минутта анықтайтын экспресс-тест пайда болды
Америкалық мамандар 45 минуттың ішінде адамның коронавирус жұқтырған не жұқтырмағанын анықтайтын экспресс-тест жасап шығарды.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Телеграм арнасында хабарланды.Ведомствоның хабарламасында тест жүйенің АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектің сапасын санитарлық бақылау басқармасымен мақұлданғаны айтылған. Экспресс-тестті Cepheid америкалық компаниясының қызметкері жасап шығарған.
Құрастыршылардың айтуынша, тест нәтижесі 45 минуттың ішінде дайын болады.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 57-ге жеткенін хабарлағанбыз.
Коронавирус індетін жұқтырудың соңғы тіркелген дерегі Алматы қаласында анықталды. Осылайша оңтүстік астанамызда індетке жалдыққандар саны 23 адам болды. Нұр-Сұлтанда - 31, Қарағандыда - 2, Алматы облысында 1 дерек тіркелді.