Нұр-Сұлтан мен Алматыда доллар сату тоқтатылды

22 наурыз, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан мен Алматыда доллар сату тоқтатылды Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы валюта айырбастау пункттері бүгін доллар сатуды тоқтатты. Kurs.kz мәліметінше, Алматыда тек екі айырбастау пунктінде ғана доллар 452-452,5 теңгеге сатылып жатыр. Ал Нұр-Сұлтанның айырбастау пунктері америкалық валютаны сатуды бүгінге тоқтатқан. Шымкентте бір долларды 453 теңгеге сатып алуға болады. Айырбастау пунктерінде еуро бағамы: 483-490, 485-492 теңге. Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық банк айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілеген болатын. Бұл шаралар елдегі төтенше жағдай режимі уақытында іске асады және ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың әсерін шектеуге және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.