Елордада тағы екі адамнан коронавирус анықталды

Елордада тағы екі адамнан коронавирус анықталды

Елордада тағы екі адамнан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыз, сағат 09.00-дегі жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді» делінген хабарламада. Мәліметке сай, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында 22 адам, Қарағанды қаласында 2, Алматы облысында 1 адам — жалпы 56 науқас тіркелді.