Карантин кезінде қылмыс көрсеткіші 25,5 пайызға төмендеген

Карантин кезінде қылмыс көрсеткіші 25,5 пайызға төмендеген

Карантин кезінде қылмыс көрсеткіші 25,5 пайызға төмендеген
ашық дереккөзі
Алматы полициясы карантин мерзімінде қылмыс көрсеткішінің азайғанын мәлімдеді. ҚазАқпаратта ұсынылған ақпаратта қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев: «Қаладағы криминогенді ахуал тұрақты. Қылмыстық көрсеткіштер азайды. Тәулік бойы қалада 70 қылмыс тіркелген. Олардың 57-нің ізі суымай ашылды. Қылмыстық көрсеткіш 25,5 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, қалада жол апатының көрсеткіші 70 пайызға төмендеген. Жедел басқару орталығы пультіне 1785 қоңырау түскен. Олардың 888-і полицияның араласуын талап етсе, 897 адам тек кеңес алған», – деп жауап берген. Сall centеr желісіне 7000 қоңырау түскен.