Жаңалықтар

Карантин кезінде қылмыс көрсеткіші 25,5 пайызға төмендеген

Алматы полициясы карантин мерзімінде қылмыс көрсеткішінің азайғанын мәлімдеді.

ҚазАқпаратта ұсынылған ақпаратта қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев: «Қаладағы криминогенді ахуал тұрақты. Қылмыстық көрсеткіштер азайды. Тәулік бойы қалада 70 қылмыс тіркелген. Олардың 57-нің ізі суымай ашылды. Қылмыстық көрсеткіш 25,5 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, қалада жол апатының көрсеткіші 70 пайызға төмендеген. Жедел басқару орталығы пультіне 1785 қоңырау түскен. Олардың 888-і полицияның араласуын талап етсе, 897 адам тек кеңес алған», – деп жауап берген.

Сall centеr желісіне 7000 қоңырау түскен.

Back to top button