Туристік жолдама құны қайтарыла ма? – министрлік жауабы

Туристік жолдама құны қайтарыла ма? – министрлік жауабы

Туристік жолдама құны қайтарыла ма? – министрлік жауабы
ашық дереккөзі
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Дастан Рыспеков Туристік жолдамалар бойынша қаражаттың қалай қайтарылатыны туралы айтып берді. ҚазАқпараттың мәліметінше, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Д.Рыспеков: «Біздің азаматтарға осындай жағдайға сабырлылық пен түсіністік танытуды сұраймын. Шынында да, өте өзекті мәселе туындап отыр. Бірақ туристік операторлар мен туристік агенттіктерге бір мезетте қаптаған қоңыраулар түсетінін және бұл ақшаны бірден қайтара алмайтындығын атап өткім келеді. Туристік қызмет туралы заңның 15-бабына сәйкес, туроператорлар нақты шығындарды есептемегенде, жолдама қаражатын қайтаратынын айтқым келеді», – деп атап өтті. Сонымен қатар, спикер туроператорлардың шетелдік серіктестері алдында міндеттемелері бар екенін еске салды. «Өздеріңіз білетіндей, біздің туристік операторлардың шетелдегі серіктестері алдындағы міндеттемелері бар, олар әуе рейстері мен қонақүйлер үшін алдын-ала төлем жасады. Яғни, шетелдегі серіктестермен мұндай даулы мәселелерді шешу үшін де біраз уақыт қажет», – деді ол. Егер туристік компания жолдама құнын қайтарудан бас тартса, сотқа жүгінуге болады. Бірақ, ол үшін қаражатты қайтарудан бас тартуды жазбаша түрде алған жөн.