Алматы облысында коронавирус жұқтырған адам Меккеден ұшып келген

Алматы облысында коронавирус жұқтырған адам Меккеден ұшып келген

Алматы облысында коронавирус жұқтырған адам Меккеден ұшып келген
ашық дереккөзі
Алматы облысында коронавирус инфекциясы анықталған науқас елімізге Меккеден Ыстанбұл арқылы ұшып келген. Бұл туралы Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел айтты. «Соңғы ақпарат бойынша, коронавирус Талдықорғанда тіркелді деген хабарлама таралып жатыр. Алматы облысында аталған вирус бір адамнан анықталды. Бірақ бұл жағдай Талдықорғанда емес, Қарасай ауданында тіркелді. Қазір 1986 жылғы науқас Қаскелеңдегі инфекциялық ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты. Қазір вирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандардың барлығы анықталды. Тиісті шаралар атқарылуда. Ал коронавирус жұқтырған адам біздегі мәлімет бойынша Меккеден Ыстанбұл арқылы ұшып келген», – деді Ғалымұрат Жүкел.