Медицина мамандарының жалақысы көбейді

Медицина мамандарының жалақысы көбейді

Медицина мамандарының жалақысы көбейді
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ashyq alan» бағдарламасында коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жүрген медицина мамандарының еңбекақысы 2-3 есеге артқанын айтты. «Әрине, дәрігерлерге Үкімет тарапынан қолдау көрсетуіміз керек. Өйткені майданның алғашқы шебінде инфекциялық ауруханалардағы дәрігерлер, инфекционистер, жедел жәрдем, медбикелері тұр. Сол себепті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің тікелей бұйрығымен осы мерзімде ынталандыру және көмек бағдарламасы бойынша олардың айлықтарын 2-3 есе көтеріп отыр. Бұл тек қана санитарлық дәрігерлер, инфекционистер сынды инфекциямен күресіп жүрген мамандарға байланысты», – деді Д.Ахметшәріп.