Премьер-Министр кәсіпкерлерді салықтан босататын Қаулыға қол қойды

Сондай-ақ!

Орыс халық аспаптары оркестрі Димашқа ерекше сый жасады (видео)

«Березка» хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі «Әлқисса» күйінің каверін жасап, орыс халық аспаптарында орындады, деп хабарлайды Dimashnews. «Березка» ансамблінің мүшесі Светлана Закуновның айтуынша, «Әлқиссаны» Димаштың...

Қазақстандықтар Африка халқына тағы бір құдық салып берді (видео)

Атыраудағы «Білім-Инновация» (қазақ-түрік лицейі) лицейінің 2005 жылғы түлектері африкалық Малави мемлекетіндегі ауылдардың бірінде өз қаражаттарына ауыз су құдығын орнатты, деп хабарлайды «Ақ  Жайық» басылымы....

Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді. Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Barrel» жедел алдын алу шарасы шеңберінде 2018-2020 жылдар...

Қабатовтың көлігімен кісі өлтірген көмекшісі енді әзілкештің әйеліне тиесілі көлікпен ереже бұзды (видео)

Осыдан біраз уақыт бұрын танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен оның көмекшісі адам қағып өлтіргені жайлы ақпарат тараған еді. «Кокшетау Азия» порталының сюжетіне сүйенсек, дәл...

Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты еліміз кәсіпкерлері жыл соңына дейін мүлік, жер және жеке табыс салығынан босатылды. ҚР Премьер-Министр Асқар Мамин тиісті Қаулыға қол қойды, – деп жазды ҚазАқпарат.

Құжатта 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін: ірі сауда объектілері, сауда, ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлік салығынан; ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жер салығынан; салық салудың жалпы белгіленген тәртібімен жұмыс істейтін дара кәсіпкерлер жеке табыс салығынан босатылатыны жазылған.

Сондай-ақ мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұлдарды есептеу 2020 жылғы 15 тамызға дейін тоқтатылатыны жазылған.

Қаулыға Қосымша қоса берілген.

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы

«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285, «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 және «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 жарлықтарына сәйкес салық-бюджет саясатының мәселелерін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібі бекітілсін.

2. 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде:

1. ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығының;

2. ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бойынша жер салығының;

3. салық салудың жалпы белгіленген тәртібімен жұмыс істейтін дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығының мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті енгізілсін.

3. Мөлшерлемелерге осы қаулының 2-тармағында көрсетілген «0» түзету коэффициентін қолданған кезде салық базасын, салық салу объектілерін, салық кезеңін және салық міндеттемелерін орындауды айқындау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылады.

4. Осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер үшін барлық салықтар бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұлдарды есептеу 2020 жылғы 15 тамызға дейін тоқтатыла тұрсын және салық есептілігін тапсыру мерзімі 2020 жылғы 3-тоқсанға ауыстырылсын.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ірі қара малды және асыл тұқымды балапандарды қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесіне енгізуді қамтамасыз етсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi А.Мамин

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Президент: «Nur Otan» партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналды

«Nur Otan» партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналды. Бұл...

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезі басталды

"Nur Otan" партиясының кезектен тыс XX Съезі жұмысын бастады. Съезд ҚР Тұңғыш...

Екібастұз маңында бір топ аққуды атып тастаған қаскөй іздестірілуде

Екібастұз маңында белгісіз қарақшы бір топ аққуды атып тастаған, деп хабарлайды "Информбюро". Бағдарлама...

Орыс халық аспаптары оркестрі Димашқа ерекше сый жасады (видео)

«Березка» хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі «Әлқисса» күйінің каверін жасап, орыс халық...

Қазақстандықтар Африка халқына тағы бір құдық салып берді (видео)

Атыраудағы «Білім-Инновация» (қазақ-түрік лицейі) лицейінің 2005 жылғы түлектері африкалық Малави мемлекетіндегі ауылдардың...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...