Алматы облысында коронавирус жұқтырған 1 адам тіркелді
21 наурыз, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Алматы облысында коронавирус жұқтырған 1 адам тіркелді
Алматы облысында коронавирус жұқтырудың 1 жағдайы анықталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша 21 наурыз сағат 12.00-дегі мәліметтерді жариялады.
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Талдықорған қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында – 2, Талдықорған қаласында - 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді», – делінген ақпаратта.