Айырбас пунктерінің жұмыс уақыты өзгерді

Айырбас пунктерінің жұмыс уақыты өзгерді

Айырбас пунктерінің жұмыс уақыты өзгерді
ашық дереккөзі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қаладағы айырбас пунктерінің жұмыс уақыты өзгергенін мәлімдеді. Хабарламада Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың төрағасы шығарған қаулы көрсетілген. «Алматы қаласының әкімдігі ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасына төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ҚР Президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 17 наурыздағы №2 отырысының хаттамасына орай Алматы қаласындағы карантин және төтенше жағдай кезінде коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау үшін Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың төрағасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  1. Қалада орналасқан айырбастау пункттерінің жұмыс режимін сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін анықтау
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб төрағасының орынбасары – Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Қожағапановқа жүктелсін.
  3. Осы шешім 2020 жылдың 21 наурызынан бастап күшіне енеді» .