Ақтөбе облысы әкімдігінде бірқатар тағайындаулар болды

Ақтөбе облысы әкімдігінде бірқатар тағайындаулар болды

Ақтөбе облысы әкімдігінде бірқатар тағайындаулар болды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімі тағайындалды, – деп жазды ҚазАқпарат. Ақтөбе облысы әкімдігінен мәлім еткендей, аймақ басшысының орынбасары болып Мейрамбек Шермағанбет тағайындалды. Ол Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Кеңес ауылындағы орта мектепте мұғалім болып бастады. Кейін аталған орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы болды. Әр жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Қызылорда облысының білім департаментінің директоры, Қызылорда облысының білім басқармасы, тілдерді дамыту басқармаларының басшысы қызметтерін атқарды. 2015-2016 жылдары аралығында «Ақтөбе облысы әкімінің іс басқармасы» мекемесінің басшысы лауазымында қызмет жасады. 2016 жылдан бастап Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі болып қызмет етті. Аймақ басшысы Марат Тоқжановқа өңір дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін алғыс білдіріп, жаңа орынбасарына алдағы бірқатар міндеттерді атап көрсетті. Сонымен қатар Амангелді Нұғманов облыс әкімі аппаратының басшысы болды. 53 жастағы А.Нұғманов Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының тумасы. Қайнар университетін, Халықаралық құқық қорғау органдарының академиясын (Будапешт қ) ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмәмдаған. Ақтөбе облысы Мәртек аудандық әкімшілігі жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болып еңбек жолын бастаған. Ақтөбе облыстық кеден басқармасының қызметкері. ҚР Кедендік бақылау агенттігі, Кедендік қорғау және тәртіп басқармасының бастығы болды. Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Жамбыл, Павлодар өңірлерінде осы салада еңбек етті. 2013 жылдан бастап «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің төрағасы болып жұмыс істеді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы қызметін атқарды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болды. Бұдан бөлек, Қобда ауданының әкімі болып Болат Құлов тағайындалды. Ол Ақтөбе педагогикалық училищесін, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1988 жылы Қобда ауданы, Жарық орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. 1997-1998 жылдары аралығында Қобда аудандық газетінің тілшісі, 2000 жылға дейін Қобда ауданы әкімі аппаратында бас маман болып қызмет жасаған. Әр жылдары Қобда ауданындағы «Мектептен тыс білім беру» мекемесінің, Қобда ауданы Қарағанды орта мектебінің директоры лауазымдарын атқарды. Қобда аудандық мәдениет бөлімінің басшысы, Қобда ауданы әкімі аппаратының басшысы болды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін, Қобда ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.