Солтүстік Қазақстан облысында алты карантин бекеті өз жұмысын бастады

Солтүстік Қазақстан облысында алты карантин бекеті өз жұмысын бастады

Солтүстік Қазақстан облысында алты карантин бекеті өз жұмысын бастады
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша, Айыртау, Ақжар, Уәлиханов және Жамбыл аудандарында бүгін алты карантин бекеті жұмысын бастады, – деп жазды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, карантин бекеттерінде патрульдік полиция және көші-қон қызметінің мамандары автокөлік құралдары, жүргізушілер және жолаушылар легіне бақылау жүргізеді. «Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулықтарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған мәжбүрлі шаралар қабылдануда. Облыстық жедел штабтың тапсырмасы бойынша карантин бекеттері ашылған. Бүгінде пандемиямен күрес жүргізетін барлық қызметтердің іс-әрекетін үйлестіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңірге кіретін азаматтар туралы мәліметтер базасы жүйеленуде», – деді СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев. Бекеттерде полицейлермен қатар медицина қызметкерлері де кезекшілік атқарады. Бұл жерде жүргізушілер мен жолаушылар сауалнамадан өтеді. Ондағы мақсат жол жүрген азаматтар туралы дерек алу. «Іс-шараларды өткізу кезінде тәртіп сақшылары медицина қызметкерлеріне толық көмек көрсетуі тиіс, әдеп сақтай отырып, аталған шаралардың қажеттілігі туралы сабырлықпен түсіндіруі қажет. Бұл жұмысқа түсіністікпен қараған барлық азаматтарға алғыс білдіреміз. Осындай жұмыстар халық тарапынан қолдау тапқанда ғана өз нәтижесін береді», – деді облыстық ведомство басшысы. Карантин бекеттерінің бірі Тайынша ауданындағы Келлеровка елді мекенінде ашылды. Бір күннің өзінде «Келлеровка» карантин бекеті арқылы 40 автокөлік құралы өтті. Тайынша аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне қарағанда, патрульдік полиция және көші-қон қызметінің мамандары, медициналық қызметкерлер үш ауысымда 8 сағаттан жұмыс істейді. Әр бекет бір ауысымда 20-50 көлікті бақыладан өткізеді. Жалпы, Тайынша, Айыртау, Ақжар, Уәлиханов және Жамбыл аудандарында бүгін алты карантин бекеті жұмысын бастады.