Газет туралы

«Түркістан» халықаралық газеті – 1994 жылдың 28 қаңтарынан бастап шығатын саяси апталық. Қазіргі таңда республиканың барлық облыстарына, оған қоса Ресей Федерациясына да тарайды. «Түркістан» газеті 2009 жылдан бастап «Роспечать» каталогына енгізілген, Ресейде тұратын қазақ оқырмандары біздің газетімізді осы каталог арқылы жаздырып, оқи алады.

2010 жылдың 22 наурызынан бастап газет А2 форматтағы 12 бет көлемінде және түрлі-түсті болып шыға бастады.

Газет «Дәуір» ЖШС РПИК баспа үйінде басылады.

«Түркістанның» айлық таралымы – 42 мың дана.

Индексі:  жеке жазылушылар үшін – 65413

мекемелер мен ұйымдар үшін – 15413

 

Газеттің тұрақты төрт қосымшасы бар: «Ырыс», «Қоныс», «Тайқазан», «Жаһан».

 

  • «Қоныс» – алыс-жақын шет елдерден атажұртына қоныс аударған оралмандар жағдайын еліміздегі демография мәселесіне ұштастыра отырып талқылауды көздейтін, сондай-ақ ұлттық мәдениетімізді жандандыруға атсалысатын қосымша.
  • «Тайқазан» – ұлттық мәселелерді тереңнен қаузауға, ұлттық мүддені тіл, дін, діл, салт-дәстүр, саясат тұрғысынан талдауға арналған.
  • «Жаһан» – халықаралық саясатқа, қазақ халқының түркітілдес халықтармен ынтымақтастығына баса назар аударатын, сыртқы саясаттағы басым бағыттарды насихаттайтын қосымша.

 

«Түркістан» халықаралық газетінің бас редакторлары:

1993-1999 жылдары – Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов;

1999-2017 жылдары  – Шәмшидин Паттеев;

2017 жылдан бастап – Жаңабек Шағатай.

Соңғы жаңалықтар