Доллардың айырбас бағамы 300 ден 360 теңгеге өскен

1 097 рет оқылды
0

 

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жаңаланған болжам бойынша, мұнайдың баррелі – 30 доллар, доллар бағамы – 360 теңге болған жағдайда, ЖІӨ-нің биылғы өсімі 0,5 пайыз деңгейінде тұрақтайды деп болжанғанын мәлімдеді.

Үкімет отырысынан кейін Досаев мұнайдың орташа жылдық бағасын «халықаралық қаржы ұйымдары мен инвестициялық банктердің мұнай баррелін 40-тан 30 доллар аралығында» болжауына байланысты төмендеткенін, ал доллардың айырбас бағамы былтырғы қарашада бекітілген 300 теңгеден 360 теңгеге өскенін хабарлады. «Біз бәрібір жақсы аймақта тұрмыз», — деді ұлттық экономика министрі.

Министр сонымен бірге, Қазақстандағы индустриалды-инновациялық жобалар республика бюджетінің мүмкіндігіне қарай жүзеге асырылатынын, осыған байланысты мемлекеттік бағдарламаны тексеру наурыз айында аяқталатынын мәлімдеді.

Досаевтың сөзінше, қазақстандық экономика «жаңа кезеңге аяқ басқандықтан», үкімет ел дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық жаңа жоспарын әзірлемек.

 

Динара Мыңжасарқызы

comments powered by HyperComments