Пойыздың үстіне шығып, Астанаға тегін жетіп алмақ болған жігітті тоқ соқты

125 рет оқылды
0

Билетке ақша шығындамай,  элтектровоздың үстіне шығып, Астанаға тегін жетіп алмақ болған көкшетаулық жігіттің  әрекеті сәтсіз аяқталды, ол ауыр күйде жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

25 жастағы жігітке Астана жедел жету керек болғанымен, жолына ақша таба алмаған. Ол билетсіз жетуді ойлаған. Сол үшін пойыздың үстіне шығып алған, алайда алысқа бармады. Көкшетау стансасында оны 29 мың вольт тоқ соққан. Денесінің 45 пайызын күйік шалған жігітті ауруханаға жеткізді.

Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр деп отыр. «Жағдайына байланысты жігіт жансақтау бөлімінде жатыр. Оның халі ауыр деп бағалануда, ары қарай динамикасын бақылауда ұстаймыз», — дейді Ақмола облыстық ауруханасының травматолог дәрігері Елдос Қайыржанов.

 

comments powered by HyperComments