Жамбыл облысында абақтыдан ірі көлемде марихуана тәркіленді

82 рет оқылды
0

Жамбыл облысындағы түрмеде жарты келіге жуық есірткі тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары түзеу мекемесіне кірмек болған кәсіпкерден ірі көлемде есірткі тәркіледі.  «Өңірдегі колониялардың бірінде өндіріс орнын ашқан кәсіпкер қызметкерлеріміздің назарына бірден ілікті. Қызмет барысында қырағылық танытқан тәртіп сақшылары кәсіпкерді тінту барысында оның аяқ жағынан целлофанға оралған 6 қалташа тапты», — дейді облыстық ҚАЖ департаментінің басшысы Миржан Смағұлов.

Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл биылғы жылдағы тәркіленіп отырған алғашқы ірі көлемдегі есірткі. Сот-химиялық сараптама қорытындысы аталған заттың жарты келіге жуық марихуана екендігін  көрсетті.  Қазір аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тексеру жұмыстары басталған.

 

comments powered by HyperComments