Өскеменде қоғамдық көліктер тоқтап қалуы мүмкін

33 рет оқылды
0

Өскеменде қоғамдық көліктер тоқтап қалуы мүмкін, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Арнаның хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті қаладағы жолаушы тасымалдаумен айналысатын 6 ірі автопарктің соңғы жылдары қосымша құн және корпаративтік табыс салығын төлемей келгенін анықтады. Қазір бұл мекемелердің берешегі  4 жарым миллиард теңгеге жеткен. Мамандар тасымалдаушы мекемелер қарыздарын өтемеген жағдайда есепшоттарына тұсау салынатынын ескертті.

Өскемендегі негізгі бағыттарға   қатынайтын  жүздеген автобусы бар тасымалдаушы компаниялар банкрот болудың алдында тұр. Соңғы 5 жылда мемлекеттік баж салығын төлеу туралы міндет қойылмаған. Десек те, бүгінге дейін төленбеген ол қарыз 1 миллиард теңгеге жеткен.  Ал тасылдаушы компания болса, қаржылық қадағалау мекемесінің бұл есебімен мүлде келіспей отыр.

Тасымал тарифінен түсетін пайдаға байланысты салық органдарының  назарына  қазір  6 компания ілініп отыр. Кірістер департаментінің аудит мамандары автобус парктері  басшыларының дұрыс  қаржылық есептеулер жүргізе алмадық  дегендеріне мүлде сенбейді. Олардың айтуынша қаладағы автопарктердің барлығы жолаушы  тасымалдауда  көліктерін жеке кәсіпкерлерге  жалға  беріп, тиыннан теңге сауып отыр. Салықты жеңілдетілген  жолмен  яғни  жалпы табыстың 3 пайызын  ғана төлейді.

Жеке кәсіпкерлерді делдал ретінде жалға алмай жұмыс істеу автобус паріктеріне  тиімсіз. Өйткені қазіргі  салық заңнамасы бойынша тасымалдаушы компания  жауапкершілгі шектеулі  серіктестік ретінде  тіркелсе  жалпы табысының 20 пайызынан  салық  төлейді. Ал жеке кәсіпкер болса 3 ақ пайыз. Сондықтан заңнамадағы осы айырмашылықты жеңілдету үшін облыстағы кәсіпкерлер палатасы кірістер  комитетіне хат жолдған.

Тасымалдаушы компаниялар салықтан жеңілдік жасалса мемлекеттен берілетін субсидиядан да бас тартып, тіпті жолақы бағасын бірқалыпты ұстауға болатынын айтып отыр. Ал автобус парктері мен өңірлік  кірістер департаменті арасындағы 4,5 миллиард  теңгеге қатысты салық  дауына әлі нүкте қойылған жоқ.

 

comments powered by HyperComments