Астана шенеуніктері таксиге көшпек

95 рет оқылды
0

Алдағы уақытта Астана әкімдігі  қызметтік автокөліктердің орнына такси парктерінің қызметін пайдалануды жоспарлап отыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Келесі жылы Астана әкімдігі қызметтік көліктің орнына таксидің қызметін пайдаланып, бюджет қаражатын үнемдеуді көздеп отыр», — деп жазылған хабарламада.

Жоба 2018 жылы әкімдіктің барлық автокөлігін, ал 2019 жылы микроавтобустар мен әкімдіктің квазимемлекеттік секторының арнайы техникаларын қамтиды.

 

comments powered by HyperComments