Қазақстан «Еуровижн» ән байқауына қатысады

51 рет оқылды
0

Қазақстан «Еуровижн» ән байқауына қатысады. Келесі жылдан бастап Қазақстан «Еуровижн» ән байқауына қатысады. Бұл туралы мәліметті жергілікті ақпарат құралдары Қазақстан мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Еуропалық таратылым одағына 31-арна өтініші қабылданған соң Қазақстан өз әншісін қатыстыру мүмкіндігіне ие болды (республикадағы мемлекеттік телеарналар мұндай өтініш жасай алмайды).

БАҚ 31-арна бас директоры Бағдат Қожақметовтың Қазақстанның мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесуінде айтқан сөздерін таратты: «Біз үлкен «Еуровижн» байқауына 2018 жылы мамыр айында жаса үлкен әншілерді сынақ турына қатысуға алып барамыз, ал 2019 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, үлкен «Еуровижнге» қатысамыз. Іріктеу үшін кастинг жарияланады».

«Еуровижн» байқауына телеарнасы Еуропалық хабар тарату одағына кіретін телеарнасы бар елдер қатыса алады. Байқау келесі жолы Португалияда өтеді. Оған 43 ел қатысуға ниет білдірген.

comments powered by HyperComments