Алматы қаласының әкімі Дәнелі Төлешованы жеңісімен құттықтады

56 рет оқылды
0

Қазақ мемлекеттік циркінде Алматы қаласы әкімдігінің жаңажылдық шыршасы өтті, оған 1700-ден аса бала — үздік оқушылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, аз қамтылған отбасылардың балалары мен мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балаларды алдағы мерекемен құттықтау үшін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек келді. «Біз жас алматылықтардың жетістіктері жөнінде әрдайым мақтанышпен айтамыз. Жыл өткен сайын халықаралық олимпиадалардан, ғылыми жобалар байқауларынан алып жатқан жүлделеріміз артып келеді. 2017 жылдың өзінде алматылық оқушылар 61 алтын, 76 күміс пен 90 қола медаль алған. Өз кезегінде мемлекет сіздерге үнемі қамқор болып, барлық жағынан дамуға жағдай жасап, ең үздік білім беруге тырысады. Мұның барлығы сіздер ақылды, дені сау болып өсу үшін, Қазақстанымызды сүйіп, бүкіл әлемге танытуларыңыз үшін, ал біз сіздерді мақтан етсін деп жасалады. Мен сонымен қатар, мерекелік концертке қатысқан жас әртістерге алғысымды білдіргім келеді, олар бүгін жүректерінің нұрын шашты», — деді Алматы әкімі. Сонымен қатар, Байбек украиналық «Голос. Дiти» байқауында жеңімпаз атанған Дәнелі Төлешованы құттықтады, ол 56-мектептің оқушысы. «Әр баланың жетістігі — бүкіл елдің жетістігі. Дәнелі, бүкіл қазақстандық сені мақтан тұтады. Саған зор жетістік тілегім келеді, нағыз әлемдік деңгейдегі жұлдыз бол. Сондай-ақ, сенің анаң Еленаны да құттықтағым келеді. Баланың кез келген жетістігі ата-анасының арқасы, әсіресе анасының», — деді Бауыржан Байбек. Мерекелік бағдарламаны цирк әртістері дайындаған, олар өз өнерлерін көрсетіп, кішкентай қонақтарға сыйлықтар таратты. Сыйлықтардың арасында GPS-сағаттар, кеңсе заттары, дамытуға арналған ойындар, жұмсақ ойыншықтар мен тағы да басқалар бар.

comments powered by HyperComments