Өзбекстанда үшемге Шавкат, Миромон және Мирзиё деген аттар қойылды

49 рет оқылды
0

 Өзбекстанның Хорезм облысы Гурлен ауданында осы аптада дүниеге келген үшемге Шавкат, Миромон және Мирзиё аттары қойылды.

Үшемнің 29 жастағы әкесі Мансұрбек Матжонов бұл есімдерді елдің қазіргі президенті Шавкат Миромонұлы Мирзияевтің құрметіне қойғанын айтқан.

Өзбекстанның қазіргі президентінің құрметіне ат қою бұрында да болған. Бұдан алдын Бұхарада Жамшид Шодиев те ұлдарына Шавкат, Миромон, Мирзиё деп ат қойған.

Өзбекстанды Ислам Әбдіғаниұлы Каримов билеп тұрған кезде де басшының атын балаларына ырымдап қою үрдісі байқалған. Үш жыл бұрын Әндіжанда дүниеге келген үшемге Ислам, Әбдіғани және Каримжан аттары қойылған. Ал 2013 жылы Ташкентте төртемнің есімі Хасан, Хусан, Ислам және Карим деп қойылған еді.

comments powered by HyperComments