Түркістанда «Түркі бағы» ашылды

50 рет оқылды
0

 Түркістанда «Түркі бағы» ашылды. Биыл ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы атанған Түркістанда көптеген игі шаралар атқарылды. «Түркі бағы» аллеясының салынуын жергілікті тұрғындар атаулы жылдың белгісі ретінде қабылдады.

Бекзат Саттарханов даңғылы бойындағы «Түркі бағы» аллеясының ашылу рәсімінде қала әкімі Ә.Өсербаев бұл істің бастамашысы облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы екенін атап өтті. Қала әкімі  Мағжан ақын жырына қосқан «Екі дүние есігі – ер түріктің бесігі» саналатын Түркістанда түркі бірлігін паш ететін ескерткіштің болуы заңдылық деп есептейді. Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерекесіне орай, Бекзат мөлтек ауданындағы идустриалды аймақта “Cordial Turkestan” ЖШС өндіріс орны іске қосылды. Жоба құны 450 млн теңге. Кәсіпорын жылына 3000 дана жұмсақ жиһаз (матрас) өндіруге қауқарлы. Бұл күні, сонымен қатар, Отырар мөлтек ауданындағы жекеменшік «Индира» балабақшасының ашылу рәсімі болып өтті. «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында бой көтерген жаңа балабақша  90 баланы қарсы алуға дайын.

comments powered by HyperComments